О внесении дополнения и изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 9 декабря 2003 года N 259 "Об утверждении Инструкции по проведению конкурса на замещение вакантной должности частного нотариуса", зарегистрированный за N 2614 Күшін жойған
Басқа 0
N 2614 тіркелген, "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 бұйрығына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы
Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2614 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақ "байланысты" деген сөзден кейін "сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін бекіткен жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтағы "бір ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақтағы "45" деген сан "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-Министрі
С.Н.Баймағанбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.