О внесении изменений в постановление акимата области от 9 марта 2004 года № 44 «О создании областной комиссии по государственным символам при акиме Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жанынан мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия құру туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 44 қаулысына өзгертулер енгізу туралы «Қазакстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 1 тармағының 21) тармақшасына және «Нормативті құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
«Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жанынан мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия құру туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 44 каулысына келесі өзгертулер енгізілсін (тіркеу № 1208 2004 жылғы 8 сәуір, «Солтүстік Қазақстан» газеті 2004 жылғы 21 сәуір, «Северный Казахстан» газеті 2004 жылғы 26 сәуір): 1-тармақтағы «косымшаға сәйкес құрамында» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жанынан мемлекеттік рәміздер жөніндегі областық комиссия туралы Ережесінде: 11-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Солтүстік Қазакстан облысы бойынша ақпарат басқармасының бастығы» деген сөздер «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы» деген создермен ауыстырылсын. бірінші бөлімнің 13-тармағында «облыстық ақпарат басқармасы» деген сөздер «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыдағы қосымша алынып тасталсын.