О внесении дополнений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 9 января 2004 года № С 5-3 «Об утверждении регламента Егиндыкольского районного маслихата», зарегистр. в Департаменте юстиции за № 2273 Күшін жойған
Басқа 0
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 9 қаңтардағы № С 5-3 «Егіндікөл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы», әділет Департаментінде № 2273 тіркелген шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 10 бабына сәйкес аудан мәслихат ШЕІШМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 9 қаңтардағы № С 5-3 «Егіндікөл Аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы», әділет Департаментінде № 2273 тіркелген шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
«Егіндікөл аудандық мәслихатының регламенті» қосымшасындағы ІІ бөлім келесі мазмұндағы ІІІ тараумен толықтырылсын:
«III тарау аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөнінен аудандық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларын қалыптастыру және өзгерту.
35. «Қазақстан Реепубликасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес аудандық мәслихат аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі аудандық, округтік, учаскелік комиссияларды қалыптастырады, сайлайды және өзгертеді.
36. Сайлау Комиссиясының өкілеттік мерзімі аяқталуға екі ай калғаннан кешіктірмей аудандық мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларын құру жөніндегі жұмыстың басталғанын, сайлау комиссиясының құрамына үміткер ұсыну мерзімі және тәртібін, деректердің қандай мекен жайға жіберетінін көрсете отырып хабарлайды.
37. Аудандық мәслихат хатшысы, бұкаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының құрылғаны туралы хабарландыру жарияланудан үш күн қалғаннан кешіктірмей, өзінің өкімімен депутаттар және аппарат қызметкерлерінен сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобын (әрі қарай - Жұмыс тобы) құрады.
38. Аудандық мәслихаттың Жұмыс тобы саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан қалыптасатын сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер туралы түскен ұсыныстарды жинайды және өңдейді.
Әр саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына тек бір үміткерден ұсынады. Саяси партиялардың, сонымен қатар олардың құрылымдық бөлімшелерінің сайлау комиссиясының құрамына, аталған саяси партиясының мүшесі емес үміткерді ұсынуға құқығы бар. Жұмыс тобына саяси партиялардың, басқа қоғамдык бірлестіктердің жоғарғы комиссиялардың тапсыруға тиісті құжаттарының тізбесі:
олар ұсынылған сайлау комиссиясы көрсетілген үміткерлер тізімі;
сайлау комиссиясына үміткер ұсыну жөніндегі саяси партияның және басқа қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісі хаттамасының көшірмесі, жоғарғы сайлау комиссиясы шешімінің көшірмесі;
саяси партияның немесе басқа қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
үміткердің аудандық мәслихатқа сайлау комиссиясы жұмысына қатысуға келісуі жөніндегі өтініші және үміткер туралы өмірбаяндық деректер.
39. Жаңа сайлау комиссиясы құрамына ұсыныстар түсу мерзімі аякталған соң, Жұмыс тобы сессия шешімі және сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы бюллетень жобаларын әзірлейді.
Сайлау комиссиясы құрамы жобасын әзірлеу кезінде Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады, сосын 7 мүшеден кем емес ұсыныстарды басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғарғы сайлау комиссияларының ұсыныстары ескеріледі.
Сайлау комиссиясы құамына саяси партиялардан, басқа қоғамдық бірлестіктерден және жоғарғы сайлау комиссияларынан ұсынылған барлық үміткерлер, шешім және бюллетень жобасына олардың түсу және Жұмыс тобының арнаулы журналында тіркелу кезегі тәртібімен енгізіледі.
40. Шешім жане бюллетень жобалары:
аудандық сайлау комиссиясы бойынша;
аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары бойынша;
учаскелік комиссиялар бойынша жеке әзірленеді.
41. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелеріне тең (жеті) ұсыныс түскен кезде, Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беруді ұсынады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелері санынан артық (жетеуден артық) ұсыныс түскен кезде, Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясын сайлау жөнінде рейтингтік дауыс беруді ұсынады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелері санынан кем (жетеуден кем) ұсыныс түскен кезде, Жұмыс тобы мәслихат сессиясына комиссия құрамына саяси партия өкілдерін сайлауға, ал бос орындарға рейтингтік дауыс беру жүргізуді ұсынады.
42. Рейтингтік дауыс беру кезінде
Жұмыс тобы әр депутат үшін саяси партиялар ұсынған үміткерлер қосылған, үміткерлердің тегі, аты, әкесінің аты, қандай саяси партиядан (немесе қоғамдық бірлестіктерден, жоғарғы сайлау комиссиялардан) ұсынылғаны көрсетілген бюллетень әзірлейді. Үміткер тегінің оң жағында төрт бұрыштар бейнеленген, онда депутаттар белі (қосу, құсбелгі) қояды. Кандидатуралар бюллетеньге саяси партиялардан ұсыныс түскен кезек бойынша енгізіледі.
Сессияға қатысушы мәслихат депутаттары бюллетеньдер алады және оны өзі барлық жеті үміткерге белгі коя отырып толтырады.
Дауыс беру қорытындысын аудандық мәслихат сессиясында құрылған Санақ комиссиясы санайды. Санак комиссиясынын сандық құрамы мен төрағасы қатысып отырған депутаттардың көп дауысымен анықталады.
Сайлау комиссиясының құрамына сайланғандар болып алғашқы жеті орынға ең көп сан алған саяси партия (басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғарғы сайлау комиссиясының) өкілдері саналады.
43. Сайлау комиссиясы құрамы бойынша дауыс беру жағдайында, ұсынылған кандидатуралар жетіге сай болса, мәслихат депутаттары әрбір нақты үміткерге қарсы пікірін айтады, ол сол саяси партия немесе қоғамдык бірлестік ұсынған басқамен алмастырылады. Бұл рәсім бір реттен артық жүргізілмейді.
44. Дауыс беру корытындысын мәслихат сессиясында Санақ Комиссиясының төрағасы жариялайды.
45. Санақ комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, оның орынбасарларын және хатшыларын сайлау жөніндегі ұйымдастыру мәжілісінің өту мерзімін (олардың құрылғанынан жеті күн мерзімнен кешіктірмей) хабарлайды, Санақ комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы хабарлайды.
Бұл үміткер Санақ комиссиясымен алынған ең көп дауыс бойынша анықталады. Депутаттардың дауысы тең болған жағдайда бұл кандидатура бюллетеньде орналасқан орны бойынша анықталады.
46. Мәслихат хатшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес тиісті сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар бір нөмірде қосымшамен бірге жарияланады.
47. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қарастырылған жағдайларға сәйкес мәслихат тиісті сайлау комиссиясынын мүшесін босату және босаған мүшенің орнына басқаны сайлау жөнінде шешім кабылдайды. Бос лауазымға орналасуға осы сайлау комиссиясында өкілдері жоқ саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
48. Сессияларда сайлау комиссияларын сайлау кезінде, аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңына сүйене отырып, олардың ұйым қызметкерлерінен қалыптасуына жол бермеуге тиіс, міндетті түрде сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұрғанын ескеру қажет. Сайлау комиссиясы мүшелігіне үміткерлер Президентке, Парламент және мәслихат депутатына үміткер, сенімді тұлғалар, жергілікті өзіндік басқару органының мүшелері, күйеуі (жұбайы) және үміткердің жақын туыстары, сонымен катар) үміткердің тікелей қарамағындағы тұлғалар бола алмайды».
Тармақ 2
2. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2004 жылғы 9 қаңтардағы № С5-3 «Егіндікөл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға тиіс.
Басқа 4
Егіндікөл аудандық мәслихатының
2004 жылғы 24 мамырдағы № С8-1
шешімімен бекітілген
Егіндікөл аудандық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Тарау i. I. БӨЛІМІ
I. БӨЛІМІ
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 85 және 86 баптарына сәйкес аудан аумағында жергілікті маңызы бар мәселелердің шешілуін 4 жылдық мерзімге сайланған аудандық мәслихат жүзеге асырады.
Аудандық мәслихат Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Президент пен үкімет актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудандық мәслихаттың біліктілігі, оның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі депутаттардың саны мен құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес және осы регламент бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың қызметі мәселелерді ұжымдық түрде еркін талқылауға, жариялылығына, мәслихат құрған ұйымдардың, ол сайланған немесе тағайындаған лауазымды адамдардың мәслихат алдында жауапкершілігі мен есеп берушілігіне, заңдылығына, аудандық мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға азаматтарды кеңінен тартуға, қоғамдық пікірмен санасып отыруға негізделген.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихат өз депутатына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, осы регламент және басқа актілер белгілеген құқықтар мен жүктелген міндеттерді кедергісіз және тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасайды.
Тармақ 4
4. Мәслихаттың және оның комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін аудандық мәслихат өз аппаратын құрып, оның құрылымын, штатын, аудандық мәслихатты материалдық-техникалық қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу жөніндегі шығындар сметасын бекітеді. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысы ереже негізінде жүргізіледі.
Тарау ii. II-БӨЛІМІ
II-БӨЛІМІ
I - тарау
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес жаңадан сайланған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депуттатар санының кемінде төрттен үші болған ретте, аудандық мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын аудандық аумактық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және аудандық мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Әрі қарай сессияны аудандық мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
Екінші және одан кейінгі сессияларды өткен (алдыңғы) сессияда ашық дауыс беру аркылы сайланған сессия төрағасы жүргізеді. Сессия төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мөслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
Аудандық мәслихаттың депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихаттың сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Аудан әкімі немесе оның орнын ауыстырушы аудандық мәслихаттың және оның органдарының кез келген мәжілістеріне, соның ішінде жабық мәжілістеріне қатысуға құқылы. Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының немесе аудандық мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар сынының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын аудандық мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.
Егер аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісі аудандық мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Шешімдер аудандық мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен облыстық мәслихат сесиясында қабылданады.
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихаттың аудандық бюджет кірістерін қысқартуда немесе аудандық бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары аудан әкімінің оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихаттың сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды.
Аудандық мәслихаттың хатшысы аудандық мәслихат сессияның шақыру уакыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды.
Сессияда қаралатын мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың хатшысы кемінде бес күн бұрын, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда үш күн бұрын депутаттар мен аудан әкіміне тиісті құжаттарды табыс етеді.
Сессия өтіп жатқан кезде төралқада сессия төрағасынан басқа мәслихаттың хатшысы, аудан әкімі немесе оның орындағы адам отырады. Сондай-ақ аудандық мәслихаттың шешімі бойынша басқа депутаттар мен ресми адамдар сайлануы мүмкін.
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихат қарайтын мәселелерді сессия төрағасы, тұрақты немесе басқа комиссиялар, депутаттық топтар, депутаттар, аудан әкімі ұсынады.
Келіп түскен ұсыныстарды күн тәртібіне енгізу туралы мәселе сессияға қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауыс беруі арқылы шешіледі.
Тармақ 10
10. Аудандық мәслихаттың сессиясы пленарлық мәжілістер, сондай-ақ ортақ күн тәртібі бойынша біріккен тұрақты комиссиялар мәжілістері түрінде жүргізіледі. Мәжілістердің басталу және аяқталу уақыты төрағаның ұсынысы бойынша сессияда белгіленеді. Оның жұмысында аудандық мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін.
Сессияда баяндама жасау үшін уақыт 1 сағатқа дейін, қосымша баяндама жасау үшін уақыт 20 минутқа дейін беріледі. Сессияның күн тәртібінде белгіленген мәселені талқылау барысындағы жарыссөзге катысу үшін 10 минут, жарыссөзге бір рет қайта қатысу үшін және шешімнің кейбір тармақтарын талқылау кезінде сөз сөйлеу үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі. Кандидатуралар, мәжілісті жүргізу тәртібі, дауыс беру себептері бойынша, сөз сөйлеу, мәлімдемелер, сауалдар, ұсыныстар, хабарламалар мен анықтамалар жасау үшін, сұрақтар қою үшін 3 минутқа дейін уакыт беріледі. Депутаттардың көпшілігінің қолдауы бойынша төрағалық етуші сөз сөйлеу үшін берілген уақытты ұзарта алады.
Депутаттың сауалға жауап беру үшін 10 минутқа дейін, сұраққа жауап беру үшін 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Тармақ 11
11. Аудандық мәслихат сессиясының жұмысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Жарыссөзге қатысу үшін сөз беру туралы өтініш төрағалық етушіге беріледі.
Аудандық мәслихаттың депутаты сессияда төрағалық етуші сөз бергеннен кейін сөйлейді.
Төрағалық етуші жарыссөзге қатысу мүмкіндігін өтініштердің түсу ретіне қарай береді. Қажет болған жағдайда төрағалық етуші себебін түсіндіре отырып, сөйлеу кезегінің ретін өзгерте алады. Сессияны жүргізу тәртібі, анықтама, сұрақтарға жауап беру және түсініктеме беру жөніндегі сөзді кезектен тыс бере алады.
Баяндамашыларға сұрақ жазба түрінде жіберіледі немесе орыннан ауызша қойылады.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы кез келген уақытта сөз алып сөйлеуге құқылы.
Тармақ 13
13. Сессияда сөйлеуші дөрекі, әдепсіз сөздерді қолданбауы керек. Олай бола қалған жағдайда, төрағалық етуші ескерту жасауға құқылы.
Егер кімде-кім, төрағалық етушінің рұқсатынсыз сөз сөйлейтін болса, микрофон ескертусіз өшірілуі мүмкін.
Егер сөз алған адам талқыланып отырған тақырыптан ауытқып кетсе, төрағалық етуші ескерту жасай алады.
Егер сөз сейлеуші өзіне берілген уакыттан көп сөйлесе, немесе тақырыптан ауытқып кетсе, сөз барысында дөрекілік танытса, төрағалық етуші ондай адамды бір рет ескерту жасағаннан кейін сөз сөйлеу құқынан айырады.
Тармақ 14
14. Аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша аудан әкімі аппараты органдарының басшылары, облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен өзге де лауазымды адамдар аудандық мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшін аудандық мәслихат сессиясына келуге міндетті.
Тармақ 15
15. Сессияға шақырылған адамдардың сессия жұмысына араласуға құқы жоқ және олар тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің ыңғайына бағынуға міндетті. Егер аудандық мәслихаттың депутаты емес адам дөрекілік көрсетіп тәртіп бұзатын болса, төрағалық етушінің ұсынысы бойынша мәжіліс залынан шығарылады.
Тармақ 16
16. Жарыссөз сессия төрағысының ұсынысы бойынша ашық дауыс беру арқылы сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен тоқтатылады.
Жарыссөздің аяқталуына байланысты айтылмай, оқылмай қалған сөз мәтіндері сессияның төралқасына тапсырылып, депутаттардың өтінші бойынша сессия материалдарының есебіне енгізіледі.
Тармақ 17
17. Шешімдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Мәслихаттың жалпыға бірдей міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдері заңдарда белгіленген тәртіпте облыстық әділет басқармасының мемлекеттік тіркеуіне жатады және белгіленген тәртіпте ресми жариялануға, ол тиісті аумақта міндетті түрде орындалуға тиіс.
Тармақ 18
18. Аудандық мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды аудандық мәслихат депутаттары аудандық мәслихат сессиясында ұсынады. Аудандық мәслихаттың хатшысы аудандық мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен аудандық мәслихат сайлайды. Аудандық мәслихаттың хатшысы аудандық мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
Аудандық мәслихаттың хатшысы өз міндеттерін жүзеге асыруға кабілетсіздігі дендеген жағдайда, оның өтініші бойынша және басқа себептерге байланысты сессияда ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
Ашық дауысқа салу кезіндегі дауыс берушілерді санау жұмыстарымен, құрамын сессия немесе төрағалық етуші белгілеген депутаттар тобы айналысады.
Ашық дауысқа салар алында төрағалық етуші дауысқа түсетін ұсыныстар санын көрсетеді, олардың дұрыс құрастырылуын анықтайды.
Бір мәселе бойынша әр депутат бір-ақ рет қолдап, не қарсы дауыс береді, не қалыс қалады.
Төрағалық етуші дауыс беру нәтижесі бойынша ұсыныстың кабылданғаны, не қабылданбағаны туралы депутаттардың шешімін хабарлайды.
Тармақ 19
19. Жасырын дауыс беруді ұйымдастыру және оның нәтижелерін анықтау үшін ашық дауысқа салу арқылы депутаттар қатарынан есептеу комиссиясы сайланады. Оның құрамына мәслихат хатшылығына кандидат депутаттар кіре алмайды.
Есептеу комиссиясы өз қарамағындағы депутаттардан комиссия төрағасын және хатшысын сайлап алады. Есептеу комиссиясының шешімдері мүшелері көпшілігінің дауыс беруі негізінде қабылданады.
Тармақ 20
20. Бюллетеньдер есептеу комиссиясының бақылауымен және сол белгіленген формада және белгілі бір мөлшерде жасалып шығарылады.
Дауыс беру уақытын, жүргізу тәртібін есептеу комиссиясы белгілейді де төрағы хабарлайды.
Жасырын дауыс беру бюллетеньдерін есептеу комиссиясының мүшелері депутаттарға тізім және аудандық мәслихаттың депутаты екендігі туралы куәлігі, төлқұжаты немесе жеке басының куәлігі бойынша береді.
Бюллетеньдерді толтыру жасырын дауыс беру кабинасында әр кандадат тегінің тұсына крест, канат белгілерін қою немесе «иә» деп жазу арқылы жүргізіледі.
Белгіленген үлгіге сай келмейтін, сондай-ақ депутаттың өз еркін білдіруін анықтау мүмкін болмаған жағдайда бюллетеньдер жарамсыз деп саналады.
Тармақ 21
21. Есептеу комиссиясы жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша хаттама толтырады, оған есептеу комиссиясының баяндауы бойынша сессия жасырын дауыс беру нәтижесін бекіту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 22
22. Мәслихаттың хатшысын сайлаудың төмендегідей тәртібі белгіленеді:
Жалғыз кандидат ұсынылған жағдайда ол депутаттар санының елу процентінен астамының дауысына ие болуы керек.
Екі және одан да көп кандидат ұсынылған жағдайда басқа кандидаттармен салыстырғанда депутаттар санын көбірек алған кандидат сайланады деп есептеледі.
Тармақ 23
23. Депутат аудандық мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уакытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар аудан әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Тарау ii. II-тарау
II-тарау
Тармақ 24
24. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңға сәйкес аудандық мәслихат өз өкілеттігі мерзімінде тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
Тармақ 25
25. Тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын аудандық мәслихат белгілейді. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан аудандық мәслихат сайлайды.
Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған аудандық мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді.
Тармақ 1
1. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аталған аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ аудандық мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша аудандық мәслихатқа, аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, аудандық мәслихаттың хатшысына ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) өздерінің құзырына жататын аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
Тармақша 3
3) өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша аудандық мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
Тармақша 4
4) өз құзіреті шегінде сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдау туралы аудандық мәслихатка ұсыныс енгізуге;
Тармақша 5
5) комиссиясынын жұмысына аудандық мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ак мемлекеттік органдар, ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерін және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзіретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Аудандық мәслихат хатшысының аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Аудандық мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін аудандық мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Тұрақты комиссиялар құрамына енетін депутаттар саны шамамен алғанда тең болады және олардың қай комиссияда істегісі келетіндігі туралы тілегі ескеріледі.
Комиссия мүшелерінің бәрі де тең құқылы.
Тармақ 27
27. Аудандық мәслихат комиссиялар төрағаларының ұсынысы бойынша тұрақты комиссиялар кұрамына өзгерістер енгізе алады.
Аудандық мәслихат тұрақты комиссиялар төрағаларының өкілеттігін олардың өздерінің өтінші бойынша немесе міндеттерін атқаруға мүмкіндік бермейтін жағдайларға байланысты мерзімінен бұрын тоқтата алады.
Тармақ 28
28. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты комиссиялардың саны, олардың түрлері мен құрамы жайында ұсыныс жасайды және комиссиялар төрағалығына кандидаттар ұсынады.
Тұрақты комиссияларды сайлау кезінде құрамы бүтіндей дауысқа салынады немесе әр кандидатура бойынша жеке-жеке дауыс беріледі.
Тармақ 29
29. Аудандық мәслихаттың кұзырына жатқызылған мәселелерді сессияларда қарауға әзірлеу мақсатында аудандық мәслихат не аудандық мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдерін және құқықтарын аудандық мәслихат оларды құру кезінде белгілейді.
Аудандық мәслихаттың уақытша комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қорытындылар кабылдайды.
Тармақ 30
30. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе аудандық мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады.
Көпшіліктік тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, азаматтардың, қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстары түрінде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлінше маңызды және қоғамдык мәні бар мәселелерді талқылау максатында өткізіледі.
Тармақ 31
31. Саяси партиялардың депутаттық тобын тіркеу аудандық мәслихат сессиясында жүзеге асырылады. Саяси партияның депутаттық тобы аудандық мәслихаттың кемінде бес депутатын біріктіруге тиіс.
Тармақ 32
32. Аудандық мәслихат жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін өз өкілеттігі мерзіміне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын аудандық мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасын аудандық мәслихат депутаттарының арасынан сайлайды. Аудандық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына аудандық мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін.
Тексерулер аудандық мәслихаттың, тексеру комиссиясының не аудандық мәслихат хатшысының шешімдерімен, аудандық мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінін талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген озге де жағадайларда жүрзілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы аудандық мәслихат пен аудандық әкімиятқа хабарлайды. Тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 33
33. Аудандық мәслихаттың хатшысы тұрақты комиссиялардың, аудандық мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттық топтарының қызметін үйлестіріп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады.
Тармақ 34
34. Аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссиясы аудандық мәслихат сессиясының төрағасына, аудандық мәслихат хатшысына аудан әкіміне, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшыларына аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сауалдар беруге құқылы.
Сауал сессияға жазбаша немесе ауызша түрде енгізіледі. Жазбаша түрде енгізілген сауал жария етілуге тиіс.
Сауал берілген мемлекеттік орган, лауазымды адам аудандық мәслихаттың сессиясында сауалға жазбаша немесе ауызша жауап беруге міндетті. Сауалға жауап түскен күннен бастап 30 күннің, ал қосымша зерделеу мен тексеруді қажет етпейтін өтініштер бойынша - 10 күннің ішінде беріледі.
Қосымша тексерулер жүргізу қажет болған жағдайларда, бұл мерзімдерді аудандық мәслихат ұзартуы мүмкін, ол туралы аудандық мәслихаттың депутатына хабарланады.
Қажет болған жағдайда сауалға қайтарылған жауап және оны талқылаудың нәтижелері бойынша аудандық мәслихат шешім қабылдайды.
Тарау iii. III-тарау
III-тарау
Тармақ 35
35. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес аудандық мәслихат аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі аудандық, округтік, учаскелік комиссияларды қалыптастырады, сайлайды және өзгертеді.
Тармақ 36
36. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі аяқталуға екі ай қалғаннан кешіктірмей аудандық мәслихат хатшысы бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларын құру жөніндегі жұмыстың басталғанын, сайлау комиссиясының құрамына үміткер ұсыну мерзімі және тәртібін, деректердің қандай мекен жайға жіберетінін көрсете отырып хабарлайды.
Тармақ 37
37. Аудандық мәслихат хатшысы, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының құрылғаны туралы хабарландыру жарияланудан үш күн қалғаннан кешіктірмей, өзінің өкімімен депутаттар және аппарат қызметкерлернен сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобын (әрі қарай - Жұмыс тобы) құрады.
Тармақ 38
38. Аудандық мәслихаттың Жұмыс тобы саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиялардан қалыптасатын сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер туралы түскен ұсыныстарды жинайды және өңдейді.
Әр саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына тек бір үміткерден ұсынады. Саяси партиялардың, сонымен катар олардың құрылымдық бөлімшелерінің сайлау комиссиясының құрамына, аталған саяси партиясының мүшесі емес үміткерді ұсынуға құқығы бар. Жұмыс тобына саяси партиялардың, басқа қоғамдық бірлестіктердің, жоғарғы комиссиялардың тапсыруға тиісті құжаттарының тізбесі:
олар ұсынылған сайлау комиссиясы керсетілген үміткерлер тізімі;
сайлау комиссиясына үміткер ұсыну жөніндегі саяси партияның және басқа қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісі хаттамасының көшірмесі, жоғарғы сайлау комиссиясы шешімінің көшірмесі;
саяси партияның немесе басқа қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
үміткердің аудандық мәслихатқа сайлау комиссиясы жұмысына қатысуға келісуі жөніндегі өтініші және үміткер туралы өмірбаяндық деректер.
Тармақ 39
39. Жаңа сайлау комиссиясы құрамына ұсыныстар түсу мерзімі аяқталған соң, Жұмыс тобы сессия шешімі және сайлау комиссиясы мүшелерін сайлау туралы бюллетень жобаларын әзірлейді.
Сайлау комиссиясы құрамы жобасын әзірлеу кезінде Жұмыс тобы бірінші кезекте саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылықка алады, сосын 7 мүшеден кем емес ұсыныстарда басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғарғы сайлау комиссияларының ұсыныстары ескеріледі.
Сайлау комиссиясы құрамына саяси партиялардан, басқа қоғамдық бірлестіктерден және жоғарғы сайлау комиссияларынан ұсынылған барлық үміткерлер, шешім және бюллетень жобасына олардың түсу және Жұмыс тобының арнаулы журналында тіркелу кезегі тәртібімен енгізіледі.
Тармақ 40
40. Шешім және бюллетень жобалары:
аудандық сайлау комиссиясы бойынша;
аудандық мәслихатқа депутаттар сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары бойынша;
учаскелік комиссиялар бойынша жеке әзірленеді.
Тармақ 41
41. Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелеріне тең (жеті) ұсыныс түскен кезде, Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беруді ұсынады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелері санынан артық (жетеуден артық) ұсыныс түскен кезде, Жұмыс тобы мәслихат сессиясына осы сайлау комиссиясын сайлау жөнінде рейтингтік дауыс беруді ұсынады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелері санынан кем (жетеуден кем) ұсыныс түскен кезде, Жұмыс тобы мәслихат сессиясына комиссия құрамына саяси партия өкілдерін сайлауға, ал бос орындарға рейтингтік дауыс беру жүргізуді ұсынады.
Тармақ 42
42. Рейтингтік дауыс беру кезінде
Жұмыс тобы әр депутат үшін саяси партиялар ұсынған үміткерлер қосылған, үміткерлердің тегі, аты, әкесінің аты, қандай саяси партиядан (немесе қоғамдық бірлестіктерден, жоғарғы сайлау комиссиялардан) ұсынылғаны көрсетілген бюллетень әзірлейді. Үміткер тегінің оғі жағында төрт бұрыштар бейнеленген, онда депутаттар белі (қосу, құсбелгі) қояды. Кандидатуралар бюллетеньге саяси партиялардан ұсыныс түскен кезек бойынша енгізіледі.
Сессияға қатысушы мәслихат депутаттары бюллетеньдер алады және оны өзі барлық жеті үміткерге белгі қоя отырып толтырады.
Дауыс беру қорытындысын аудандық мәслихат сессиясында құрылған Санақ комиссиясы санайды. Санақ комиссиясының сандық құрамы мен төрағасы қатысып отырған депутаттардың көп дауысымен анықталады.
Сайлау комиссиясының құрамына сайланғандар болып алғашқы жеті орынға ең көп сан алған саяси партия (басқа коғамдық бірлестіктердің және жоғарғы сайлау комиссиясының) өкілдері саналады.
Тармақ 43
43. Сайлау комиссиясы құрамы бойынша дауыс беру жағдайында, ұсынылған кандидатуралар жетіге сай болса, мәслихат депутаттары әрбір нақты үміткерге қарсы пікірін айтады, ол сол саяси партия немесе қоғамдык бірлестік ұсынған басқамен алмастырылады. Бұл рәсім бір реттен артық жүргізілмейді.
Тармақ 44
44. Дауыс беру қорытындысын мәслихат сессиясында Санақ Комиссиясының төрағасы жариялайды.
Тармақ 45
45. Санақ комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, оның орынбасарларын және хатшыларын сайлау жөніндегі ұйымдастыру мәжілісінің өту мерзімін (олардың құрылғанынан жеті күн мерзімнен кешіктірмей) хабарлайды, Санақ комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесі туралы хабарлайды.
Бұл үміткер Санақ комиссиясымен алынған ең көп дауыс бойынша анықталады. Депутаттардың дауысы тең болған жағдайда бұл кандидатура бюллетеньде орналасқан орны бойынша анықталады.
Тармақ 46
46. Мәслихат хатшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес тиісті сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Материалдар бір нөмірде қосымшамен бірге жарияланады.
Тармақ 47
47. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қарастырылған жағдайларға сәйкес мәслихат тиісті сайлау комиссиясының мүншесін босату және босаған мүшенің орнына басқаны сайлау жөнінде шешім кабылдайды. Бос лауазымға орналасуға осы сайлау комиссиясында өкілдері жоқ саяси партиялар мен басқа қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар қабылданады.
Тармақ 48
48. Сессияларда сайлау комиссияларын сайлау кезінде, аудандық мәслихат Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына сүйене отырып, олардың бір ұйым қызметкерлерінен қалыптасуына жол бермеуге тіис, міндетті түрде сәйкес әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында тұрғанын ескеру кажет. Сайлау комиссиясы мүшелігіне үміткерлер Президентке, Парламент және мәслихат депутатына үміткер, сенімді тұлғалар, жергілікті өзіндік басқару органының мүшелері, күйеуі (жұбайы) және үміткердің жақын туыстары, сонымен қатар үміткердің тікелей қарамағындағы тұлғалар бола алмайды.