О внесении изменений в постановление акимата области от 9 февраля 2004 года №769 "Об утверждении "Положения об оплате государственного заказа медицинских услуг, оказываемых медицинскими организациями Кызылординской области на 2004 год" и среднего (базового) тарифа на оплату государственного заказа медицинских услуг, оказываемых областными медицинскими организациями Кызылординской области на 2004 год" (регистрационный номер 3662) Қолданыста
Басқа 0
"Қызылорда облысында 2004 жылға облыстық медициналық ұйымдарының көрсететін медициналық қызметінің мемлекеттік тапсырысына төлеу туралы Ережесін" және Қызылорда облысында 2004 жылға облыстық медициналық ұйымдардың көрсететін медициналық қызметіне мемлекеттік тапсырысының орта (базалық) тарифін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2004 жылғы 9 ақпандағы №769 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі 3662)
"Медициналық көмек шығынын төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы №806 қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қызылорда облысында 2004 жылға облыстық медициналық ұйымдарының көрсететін медициналық қызметінің мемлекеттік тапсырысына төлеу туралы Ережесін" және Қызылорда облысында 2004 жылға облыстық медициналық ұйымдардың көрсететін медициналық қызметіне мемлекеттік тапсырысының орта (базалық) тарифін бекіту туралы" облыс әкімиятының 2004 жылғы 9 ақпандағы №769 қаулысына (тіркеу нөмірі 3662, «Сыр бойы» газеті №23, 2004 жылғы 24 ақпан, «Кызылординские вести» газеті №24, 2004 жылғы 25 ақпан) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1)қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Медициналық көмек шығынын төлеу туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы №806 қаулысына сәйкес облыс әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақша 2
2)аталған қаулымен бекітілген 1-қосымшадағы:
«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін бекіту туралы» 2000 жылғы 27 қаңтардағы №135» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» сөздері «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) аталған қаулымен бекітілген 2-қосымшада:
«облыстық теріжіңішке аурулар диспансері (диспансердегі бір рет дәрігерге қаралу немесе медициналық қызмет)» қатарының:
орыс тіліндегі «өлшем бірлігі» бағаны келесі редакцияда жазылсын: «1 емделген жағдайға, 1 дәрігерге қаралу»; «бір өлшем бірлігіне тариф (теңге)» бағанындағы «12243» саны «24837» санымен, «50» саны «82» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.