О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 9 марта 2005 года N 1/127 "О лицензировании некоторых видов деятельности в городе Алматы" Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкімдігінің "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы" 2005 жылғы 9 наурыздағы№N 1/127 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басқару мен бюджеттік қарым-қатынастар деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-ІІІ және "
Қазақстан
Республикасының лицензиялау жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 45-ІІІ Заңдарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі "Білім беру мекемелеріндегі қызметтен басқа, дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт қызметін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" N 786
қаулысын
жүзеге асыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы "Алматы қаласында қызметтің кейбір түрлерін лицензиялау туралы" N 1/127
қаулысына
(Алматы қаласының Әділет басқармасы 2005 жылғы 8 сәуірде 647 рет санымен тіркеп, 2005 жылғы 19 сәуірде "Вечерний Алматы" және 2005 жылғы 5 мамырда "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1) аталмыш қаулының 1-қосымшасында:
8) тармақша мынадай редакцияда баяндалсын:
"8) ойын бизнесі саласындағы қызмет;";
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секциялары мен басқа да ұйымдардың; бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі спорт құрылғыларында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметі.";
2) аталмыш қаулының 2-қосымшасында:
6-тармақтағы "ойынхана мен тотализаторларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі" деген сөз "ойын бизнесі саласында" деген сөзімен өзгертілсін;
8 тармақ алынып тасталсын;
11 тармақ "баллондар)" деген сөзден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын: ", жылу қуатын өндіруге, беру мен таратуға (орнатылған жылу қуатының жалпы жиынтығы 100 Гкал/сағат болатын жылу энергиясының көздерінен)";
мынадай мазмұндағы 12 тармақпен толықтырылсын:
"12. Алматы қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы- дене тәрбиесі-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене тәрбиесі-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секциялары мен басқа да ұйымдардың; бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі спорт құрылғыларында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметін көрсететін заңды және жеке тұлғалардың; дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, ассоциациялардың (облыстық федерациялардың) қызметіне шарт жасасуға.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.