О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1228 и от 12 декабря 2005 года № 1235 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 235 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлiмiнде: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында: 02 "Қаржылық қызмет" iшкi функциясында: 600 "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi" әкiмшiсi бойынша: 001 "Алматы қаласындағы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша: 001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасы бойынша "727974" деген сандар "1352260" деген сандармен ауыстырылсын; 009 "Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кiшi бағдарламасы бойынша "678066" деген сандар "53780" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 368-1-қосымшада: 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: реттiк нөмiрi 2-жолдың бiрiншi абзацындағы "Үй-жайды жалдау ақысын төлеу." деген сөздерден кейін "Әкімшілік ғимарат сатып алу." деген сөздермен толықтырылсын; реттiк нөмiрi 4-жолдағы "Кабинеттердi" деген сөз "Автокөлiк, кабинеттердi" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5-жолда: "Ақпараттық жүйелердi" деген сөздер "Бағдарламалық өнiмдердi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Мемлекеттiк тiлдегi құжаттармен жұмыс iстеу үшiн бағдарламалық өнiмдер сатып алу, бағдарламалық қамтамасыз етудi жаңарту. Агенттiктiң жабдығы мен желiлерiне, серверлiк үй-жай жүйелерiн, телекоммуникациялық және басқа да жабдықтарға техникалық және жүйелiк қызмет көрсету. Ақпараттық қауiпсiздiк бойынша бағдарламалық өнiмдердi алу және сүйемелдеу" деген сөздер "Бағдарламалық өнiмдер сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын; "Есептеу" деген сөз "Жүйелiк және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердi сатып алу, есептеу" деген сөздермен ауыстырылсын; "активтi желiлiк" деген сөздер "перифериялық" деген сөздермен ауыстырылсын; "қосалқы бөлшектер" деген сөздер алынып тасталсын; "Жабдықты бөлшектеу/монтаждау бойынша қызметтер, жөндеу, жабдықты жеткiзу бойынша iлеспе қызметтер алу" деген сөздер алынып тасталсын; "және VPDN" деген сөздер алынып тасталсын; "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақта: бiрiншi абзацтағы "78" деген сандар "100" деген сандармен ауыстырылсын; үшiншi абзацта: "9420" деген сандар "13522,6" деген сандармен ауыстырылсын; "33" деген сандар "25,75" сандармен ауыстырылсын; "366,5" деген сандар "285,87" сандармен ауыстырылсын; "; Халықаралық консультативтiк кеңестiң қызметтерiне орташа ақы төлеу - 7937,5 мың теңге" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.