О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1228 и от 12 декабря 2005 года № 1235 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлiмiнде: 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында: 09 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" iшкi функциясында: 205 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 001 "Туризм және спорт саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша: 001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасы бойынша "230843" деген сандар "225143" деген сандармен ауыстырылсын; 017 "Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасы бойынша "3110" деген сандар "8810" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 72-1-қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы реттiк нөмiрi 4-жолда: "өнiмдерге iлесу" деген сөздер "өнiмдердi құру және сүйемелдеу" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Жергiлiктi жүйенi монтаждау және дәлдеп келтiру, спутниктiк байланыс жүйесi арқылы ақпараттық және мультимедиялық контенттi беру жөнiндегi қызметтер.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.