О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1228 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы 1228 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 032 "Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн берiлетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: "032  Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы       қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiн       сейсмикалық жағынан күшейту үшiн берiлетiн       нысаналы даму  трансферттерi                         1050000       оның iшiнде инвестициялық жобаларға:       Алматы қаласының N 1 қалалық клиникалық       ауруханасының N 4 павильонын сейсмикалық       жағынан күшейту                                       232959       Алматы қаласының қалалық перинатальдық орталығының       N 7 корпусын сейсмикалық жағынан күшейту              139053".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 2006 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiн сейсмикалық жағынан күшейту үшiн көзделген 677988 мың теңге сомасындағы нысаналы даму трансферттерiн бөлу бөлiгiне тиiстi өзгерiс енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.