О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года N 1228 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша: 032 "Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн берiлетiн нысаналы даму трансферттерi 1050000" бағдарламасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Алматы қаласының N 5 қалалық клиникалық ауруханасының N 1 корпусын сейсмикалық күшейту                   104628 Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасының N 1 және 2 павильондарын сейсмикалық күшейту                                            254816 Алматы қаласында Жұбанов көшесiнiң бойындағы 11-үйдегi қалалық перинаталдық орталық ғимаратын (N 5 және 6 павильондар) сейсмикалық күшейту       151038 Алматы қаласында Сейфуллин даңғылының бойындағы 492-үйдегi N 1 перзентхананың N 4 және 5 корпустары ғимараттарын сейсмикалық күшейту                   117506 Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентiндегi орталық аудандық аурухананы сейсмикалық күшейту    50000".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.