О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года № 1228 и от 12 декабря 2005 года № 1235 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" деген функционалдық топта: 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі" деген әкiмшi бойынша: 026 "Кедендiк бақылау және кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн салу 2222920" деген бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: "026    Кедендiк бақылау және кедендiк               инфрақұрылым объектiлерiн салу             2222920                оның iшiнде инвестициялық               жобаларға:               Шекара маңындағы кеден бекеттерiн,               бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн,               кедендiк инфрақұрылым объектiлерiн               дамыту және салу                           1068858               Темiр жол өткiзу пункттерiнде               бiрыңғай бақылау-өткiзу пункттерiн салу    771265               Алматы облысында "Достық" халықаралық               темiр жол кедендiк терминалын салуды               аяқтау                                     308514               Алматы облысы "Достық" кеденiнiң               қызметкерлерiне арналған тұрғын               үйдi салуды аяқтау                         45228               Алматы облысы "Достық" кеденiнiң               тұрғын үйлерiне қазандық салуды               аяқтау                                     29055";
Тармақша 2
2) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 191-қосымшада : "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында: 10-тармақтағы "Алматы облысы оқу-әдiстемелiк орталығының жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу, мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптама жүргiзу және құрылысын салу" деген сөздер "Алматы облысында "Достық" халықаралық темiр жол кедендiк терминалын салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттiк сараптаманың 08.02.2005 жылғы N 7-48/05 қорытындысы)" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 15 және 16-тармақтармен толықтырылсын: "15. Алматы облысы "Достық" кеденiнiң қызметкерлерiне арналған тұрғын үйдi салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттiк сараптаманың 04.11.2004 жылғы N 20-354/2004 қорытындысы); "16. Алматы облысы "Достық" кеденiнiң тұрғын үйлерiне қазандық салуды аяқтау (жұмыс жобасына мемлекеттiк сараптаманың 14.11.2005 жылғы N 20-364/2005 қорытындысы)"; "Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақта: бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Тiкелей нәтиже: Ақтөбе, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Алматы облыстарында 13 объектiнi аяқтау; Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарында 4 объектi бойынша мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттама; Атырау облысы "Котяевка" бiрыңғай бақылау-өткiзу пунктiн салу жөнiнде орындалған жұмыстардың көлемi.".
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.