О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года № 1228 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне өрт нәтижесiнде зардап шеккен Бесқарағай ауданының Беген орман шаруашылығы ауылындағы апаттың салдарын жоюға Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне бөлу үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен жалпы сомасы 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге нысаналы трансферттер бөлiнсiн.
Тармақ 2
2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлiмiнде: 02 "Қорғаныс" функционалдық тобында "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" iшкi функциясында 202 "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша шығындар өрт нәтижесiнде зардап шеккен Бесқарағай ауданы Беген орман шаруашылығы ауылындағы апаттың салдарын жоюға 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге сомасына ұлғайтылсын; 13 "Басқалар" функционалдық тобында, 09 "Басқалар" iшкi функциясында 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында 100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында шығындар 250000000 (екi жүз елу миллион) теңге сомасына азайтылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.