О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года № 1228 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне Қазақстан халықтары ассамблеясының он екiншi сессиясын дайындауды және өткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 54121000 (елу төрт миллион бiр жүз жиырма бiр мың) теңге бөлiнсiн.
Тармақ 2
2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлiмiнде: 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында: 206 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi" әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы бағдарламамен толықтырылсын: "109 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен iс-шаралар өткізу"; 08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында 09 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" iшкi функциясында 206 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 109 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен iс-шаралар өткiзу" бағдарламасы бойынша шығындар Қазақстан халықтары ассамблеясының он екiншi сессиясын дайындауды және өткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу үшiн 54121000 (елу төрт миллион бiр жүз жиырма бiр мың) теңге сомасына ұлғайтылсын; 13 "Басқалар" функционалдық тобында 09 "Басқалар" iшкi функциясында 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында 101 "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасындағы шығындар 54121000 (елу төрт миллион бiр жүз жиырма бiр мың) теңге сомасына азайтылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.