О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2005 года № 1228 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне үкіметтік қарыздар бойынша сыйақы төлеу үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 79600000 (жетпіс тоғыз миллион алты жүз мың) теңге бөлінсін.
Тармақ 2
2. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлімінде: 01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында, 02 "Қаржы қызметі" ішкі функциясында, 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар үкіметтік қарыздар бойынша сыйақы төлеу үшін 79600000 теңге сомаға ұлғайтылсын; 13 "Басқалар" функционалдық тобында, 09 "Басқалар" ішкі функциясында 217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша 010 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві" бағдарламасында 101 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві" кіші бағдарламасында шығындар 79600000 сомасына азайтылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.