О внесении дополнения в решение Степногорского городского маслихата от 9 ноября 2005 года № 3С-23/2 «Об утверждении Правил благоустройства и содержания объектов инфраструктуры города Степногорска и поселков» Қолданыста
Басқа 0
Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 9 қарашадағы № 3С-23/2 «Степногорск қаласы мен кенттері аумағындағы көркейту және инфрақұрылым объектілерін ұстау Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2005 жылғы 9 қарашадағы № ЗС-23/2 «Степногорск қаласы мен кенттері аумағындағы көркейту және инфрақұрылым обьектілерін ұстау Ережелерін бекіту туралы» шешіміне (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2005 жылғы 18 қарашада № 1-2-26 тіркелген, 2005 жылғы 24 қарашада «Престиж» газетінің № 48 жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
Степногорск қаласы мен кенттері аумағындағы көркейту және инфрақұрылым обьектілерін ұстау Ережелерінің 70 тармағы келесі мазмұнда толықтырылсын: «Қала аумағында қызметін жүргізетін, меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан кәсіпорындар мен мекемелер, сонымен қатар жеке тұлғалар (тұрғындар, жеке кәсіпкерлер) мен заңды тұлғалар тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару үшін қоқыс шығарушы кәсіпорынмен келісім-шарт жасауға тиіс. Үлкен көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шыгаруды кәсіпорындар, мекемелер және жеке тұлғалар өздері атқарады немесе қоқыс шығарушы кәсіпорынмен келісім-шарт негізінде жүргізеді.
Келісім-шарттың болмауы осы Ережені бұзған болып табылады және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікті анықтауға негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.