О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 9 марта 2005 года № 88 «Об утверждении Правил назначения и выплаты социальной помощи инвалидам с детства и детям-инвалидам в возрасте до шестнадцати лет, проживающим на территориях, прилегающих к полигонам «Капустин Яр» и «Азгир» на 2005-2007 годы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2005-2007 жылдарға арналған «Капустин Яр» және Азғыр полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 9 наурыздағы №88 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2005-2007 жылдарға арналған «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 9 наурыздағы N 88 қаулысына (2005 жылғы 12 сәуірдегі N 43 «Орал өңірі» және 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 44 «Приуралье» газеттерінде жарияланған, тіркеу N 2919) төмендегідей өзгерістер енгізілсін: қаулының кіріспесінде және көрсетілген қаулымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесінде «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; қаулының атауы мен мәтінінде, 2005-2007 жылдарға арналған «Капустин Яр» және «Азғыр» полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бала кезінен мүгедектерге және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға әлеуметтік көмектер тағайындаудың және төлеудің Ережесінің атауы мен мәтіні бойынша «он алты жасқа дейінгі» деген сөздер сәйкесінше «он сегіз жасқа дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шараларды алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Иманғалиевке жүктелсін.