О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года N 194 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат; 2007 ж., N 24, 267-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы және минералдық ресурстар министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі;
көрсетілген Комиссияның құрамынан Б.С.Ізмұхамбетов, М.Ә.Құсайынов шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.