О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2006 года № 1072 "Об утверждении Типового положения о юридических службах государственных органов Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 45-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) қабылданатын актілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды күшейтсін және алқа отырыстарында құқықтық жұмыстың жай-күйін кезең-кезеңмен қарасын»;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережесінде: бүкіл мәтін бойынша «кесімдерінің», «кесімдердің», «кесімдеріне», «кесімдерде» деген сөздер тиісінше «актілерінің», «актілердің», «актілеріне», «актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;»; 8-тармақта: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;»; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды;»; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «шарттарды уақытылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді; тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік органның пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.