О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 418-құжат; 2007 ж., N 24, 267-құжат; N 42, 476-құжат; 2008 ж., N 42, 464-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс туралы";
Тармақша 2
2) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. 2009 жылдан бастап жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсын өткізу белгіленсін".";
Тармақша 3
3) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия құрылсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 3-тармақта : 1) тармақшада "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша алып тасталсын; 3) тармақшадағы "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты" деген сөздер "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) 4-тармақ алып тасталсын;
Тармақша 6
6) 5-тармақта : 1) тармақшада "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылсын, "ережелерін" деген сөзден кейін "әзірлесін және бекітсін" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша алып тасталсын;
Тармақша 7
7) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында : тақырыптағы "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты" деген сөздер "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";
Тармақша 8
8) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру ережелерінде : тақырыптағы және мәтіндегі "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" деген сөздер "Алтын сапа" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың бірінші бөлігінде: "және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздер алып тасталсын; "үш номинациядағы екі санат бойынша" деген сөздер "үш номинацияда" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын; 8-тармақтағы "кезекті конкурс өткізілетін жылдың алдындағы жылдың желтоқсанында" деген сөздер "ағымдағы жылдың ақпан айында" деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақта "(қарашаның екінші бейсенбісі)" деген сөздер алып тасталсын;
Тармақша 9
9) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде : бүкіл мәтін бойынша "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың", "конкурстарды" деген сөздер тиісінше "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың", "конкурсты" деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыптағы және 1-тармақтағы "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығының лауреаты атағын және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсының дипломанты" деген сөздер "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта : 1) тармақшадағы "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурсқа" және "Алтын сапа" республикалық көрме-конкурсына" деген сөздер "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурсқа" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы "лауреаттары мен дипломанттарын" деген сөздер "лауреаттарын" деген сөзбен ауыстырылсын; 12-тармақта "(қарашаның екінші бейсенбісі)" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.