О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қаулы етемін:
Тармақ 1
1."Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: тақырыбы "конкурс" "деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: "2009 жылдан бастап" деген сөздер алып тасталсын; "конкурсын" деген сөзден кейін және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережесі;"; 3) тармақша "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері жыл сайынғы өңірлік "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурстарын ұйымдастыру және өткізу жөнінде шаралар қабылдасын."; 5-тармақтың 1) тармақшасындағы "әзірлесін және бекітсін" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын; "3) "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін әзірлесін және бекітсін"; Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын; 1) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында: тақырыбы "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын; бүкіл мәтін бойынша "Индустрия және сауда" деген сөздер "Индустрия және жаңа технологиялар" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі" деген жолда "және ақпарат" деген сөздер алып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі"; "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі"; "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі" деген сөздер "Экономикалық даму және сауда министрі" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру ережелерінде: 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) осы Ережелердің 5-тармағында көзделген үш номинациядағы екі санат бойынша жыл сайын сыйлықтар береді."; 5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын: "Әр номинация бойынша мынадай: 1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі; 2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша екі сыйлық беріледі. Конкурстар номинациясында қосымша, бірақ екіден аспайтын, конкурс лауреаты мен дипломанты атағы тағайындалуы мүмкін."; 3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде: тақырыбы "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын; бүкіл мәтін бойынша "конкурс", "конкурсқа", "конкурстың" және "конкурсты" деген сөздермен тиісінше "конкурстар", "конкурстарға", "конкурстардың" және "конкурстарды" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "атағын" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: 1) тармақшадағы "сыйлығы" деген сөзден кейін "және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшадағы "лауреаттарын" деген сөзден кейін "және дипломанттарын" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 23 маусымдағы N 1012 Жарлығына Қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығымен бекітілген "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелері
Тармақ 1
1. "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының (бұдан ері — конкурс) ұйымдастырушысы (бұдан әрі — конкурсты ұйымдастырушысы) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады, "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-конкурстарының ұйымдастырушылары (бұдан әрі — өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері болып табылады.
Тармақ 2
2. Конкурстың негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқару мен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы әдістерін кеңінен енгізуге алғышарттар жасау және оған жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) сапа проблемаларын шешу қажеттілігіне өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
Тармақша 5
5) халық арасында сапа идеясын кеңінен таныту болып табылады.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
Тармақша 2
2) өнім сапасының орнықты жоғары деңгейін және оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар дара кәсіпкер немесе заңды тұлға конкурсқа қатысушы бола алады.
Тармақ 4
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелеріне сәйкес материалдарды ресімдеуді және конкурсты ұйымдастырушыға береді.
Тармақ 5
5. Конкурс мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар";
Тармақша 2
2) "Халық тұтынатын үздік тауарлар";
Тармақша 3
3) "Үздік азық-түлік тауарлары".
Тармақ 6
6. Конкурс Комиссия шешімімен бекітілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі. Өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар өңірлік конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.
Тармақ 7
7. Конкурсты ұйымдастырушы өңірлік конкурс жеңімпаздарының материалдары мен алдын ала қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 8
8. Комиссия осы Ережелердің 7-тармағында көрсетілген материалдардың негізінде конкурсқа қатысушыларға "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанттары (бұдан әрі — конкурс дипломанттары) атағын беру туралы шешім қабылдайды. Конкурстың әр номинациясында қосымша, бірақ екіден аспайтын, конкурс дипломанты атағы тағайындалуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және әр номинацияда I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Бұл ретте дәрежелер конкурс дипломанттары "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсында алған орнына қарай беріледі.
Тармақ 10
10. Конкурс дипломанттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 11
11. Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта екі жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.