О внесении изменений в постановление акимата Карабалыкского района от 9 марта 2006 года № 46 «Об организации оплачиваемых общественных работ в Карабалыкском районе» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2006 жылғы 9 наурыздағы № 46 «Қарабалық ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2006 жылғы 9 наурыздагы № 46 «Қарабалық ауданында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына, (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-07 (2006 жылғы 30.03 № 5 ақпараттық басылым) мына өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшада:
Қарабалық кентін көркейтуге және экологиялық сауықтыруға қатысу-бесінші абзацта, «жұмыс көлемі» 4-графадағы 616 саны 1320 санына ауыстырылсын, «есепті/ адам» 5-графадағы 14 саны 30 санына ауыстырылсын;
Өрнек селолық округінің елді мекендерін көркейту және экологиялық сауықтыру - бірінші абзацта, «жұмыс көлемі» 4-графадағы 440 саны 704 санына ауыстырылсын, «есепті/ адам» 5-графадағы 10 саны 16 санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2006 жылдың 29 тамызынан бастап іс-қимылға енеді.