О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 9 ноября 2007 года № 1444/24 "Об организации и финансировании общественных работ" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" № 1444/24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру Ережесін іске асыру мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" № 1444/24 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12-1-99 тіркелген, 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Сарыарқа самалы" № 144, 2007 жылғы 3 желтоқсандағы "Версия" № 48 газеттерінде жарияланған мынадай өзгерістер енгізілсін: қаулыда көрсетілген 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Павлодар қаласы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы жұмыс көлемдерін көрсетумен меншік нысандарға қатысты емес кәсіпорындармен және ұйымдармен қоғамдық жұмыстарды атқаруға келісім шарт жасасын және жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жолдасын. Жұмыс түріне сәйкес Қазақстан Республикасының стандарттау, метрологиялау және құжаттандыру жөніндегі Комитеттің 1999 жылғы 16 қазандағы № 22 қаулысымен бекітілген сабақтарды жіктеу бойынша қоғамдық жұмыстарға жолдама жасасын."; көрсетілген қаулыдағы 1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Ә. Қапеновке жүктелсін.
Басқа 4. Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 25/1 қаулысына қосымша Павлодар қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1444/24 қаулысына 1-қосымша Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Қала (шағынаудандар, ауылдық аймақтар, зират, қоқыс тастайтын жерлерді күзету және тағы басқалары) аумағын көріктендіруге көмек көрсету.
Тармақ 2
2. Тұрғын қорларына арналған жөндеу жұмыстары және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының аумағын жинауға көмек көрсету.
Тармақ 3
3. Тұтынушылар кооперативтерінің бау - бақша серіктестігін күзету.
Тармақ 4
4. Көп қабатты тұрғын үйлердің кірмелерін күзету.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік бағыты бар, үкіметтік емес ұйымдардың, қайырымдылық көмек көрсету қорларының әлеуметтік - мәдени объектілерінде құрылыс және жөндеу жұмыстары, қосалқы жұмыстар.
Тармақ 6
6. Жолдарды жөндеу және салу.
Тармақ 7
7. Меншікті нысаны түріндегі өнеркәсіптік кәсіпорындарында қосалқы жұмыстар.
Тармақ 8
8. Жалғызбасты қарияларды және мүгедек адамдарды күту, сырқат адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға көмек көрсету.
Тармақ 9
9. Мәдени саладағы ауқымдық шаралар (Қыс қалашығын салу және басқада).
Тармақ 10
10. Әлеуметтік мәні бар аурулармен (нашақорлық, АҚТҚ/ЖҚТБ) ауыратын науқастармен және вирус жұқтырғандармен жұмыс жасайтын мекемелер мен ұйымдардың жұмысына көмек көрсету.
Тармақ 11
11. Балалардың демалысын ұйымдастыруға көмек көрсету.
Тармақ 12
12. Санаққа, аралап өтуге, курьерлік жұмысқа, құжаттарды ресімдеуге қатысу.
Тармақ 13
13. ДКК анықтамасы бойынша еңбекте шектеуі бар тұлғаларға қосалқы жұмыстар. Вахтадағы кезекшілік.