О внесении дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 9 марта 2007 года № 2568 "Об объектах для использования труда осужденных, привлеченных к общественным работам в виде наказания" Күшін жойған
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2568 "Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Өскемен қаласы № 2 сотының 2007 жылғы 12 ақпандағы № 8376 хатын қарап, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағының негізінде, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы № 2568 "Жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-1-33, 2006 жылғы 4 сәуірдегі "Рудный Алтай" газетінде, 2006 жылғы 8 сәуірдегі "Дидар" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
жазалау түрінде қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін нысандар тізімі көрсетілген қаулымен бекітілген келесі мазмұндағы 11 жолдармен толықтырылсын:
11
Өскемен қаласының № 2 соты
Бажов көшесі, 2
курьер жұмысы
Тармақ 2
2. Осы қаулы қолданысқа ресми жарияланғаннан кейін енгізіледі.
Келісілді:
Шығыс Қазақстан облысы бойынша
Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті
басқармасының бастығы