О внесении изменения в постановление акимата Узункольского района от 9 апреля 2007 года № 61 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 13 декабря 2006 года № 295 «О районном бюджете Узункольского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 шешімін жүзеге асыру туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 61 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 64-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабының 1-тармағының 1-1), 14) тармақшаларына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес және «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2006 жылғы 26 желтоқсандағы 9-19-33, «Нұрлы жол» 2007 жылғы 25 қаңтардағы №4) Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 шешімін жүзеге асыру туралы» (Ұзынкөл ауданының әділет Басқармасында нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде 2007 жылғы 2 мамырда № 9-19-45 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы жол» 2007 жылғы 19 шілдедегі № 29) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 61 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, оқу жылының мерзімінде тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын төленетін әлеуметтік көмек».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.