О внесении дополнения в постановление акимата от 9 апреля 2007 года № 61 «О реализации решения Узункольского районного маслихата от 13 декабря 2006 года № 295 «О районном бюджете Узункольского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 61 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 64-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабының 1-тармағының 1-1), 14) тармақшаларына сәйкес және «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2006 жылғы 26 желтоқсандағы 9-19-33, «Нұрлы жол» 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 4) Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 шешімін жүзеге асыру туралы» (Ұзынкөл ауданының әділет Басқармасында нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде 2007 жылғы 2 мамырда № 9-19-45 нөмірімен тіркелген, «Нұрлы жол» 2007 жылғы 19 шілдедегі № 29) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 61 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілеін:
1-тармақ мына мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, яғни аз қамтылған азаматтарға азық-түлік корзинасының мөлшерінің өсуіне байланысты, ай сайын айлық есептік көрсеткіштің 0,5 (546 теңге) көлеміндегі 2007 жылдың 4-тоқсанына арналған қосымша әлеуметтік көмек».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.