О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 9 апреля 2008 года № 98 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле–июне и октябре–декабре 2008 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 9 сәуірдегі № 98 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18-бабы 1-тармағына, 3-тармағына, 19-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгілінген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2008 жылғы 9 сәуірдегі № 98 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығының кіріспе сөзінде «жедел әскери қызметшілердің» деген сөзінен кейін «әскери» сөзі қосылсын. 4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.