О внесении изменения в постановление акимата города Караганды от 9 апреля 2010 года № 10/07 "О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Караганде" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Қарағанды қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" № 10/07 қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Қарағанды қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" № 10/07 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-112 тіркелген, 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 64 (20848) "Орталық Қазақстан", 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 46 (20909) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) өзгерту енгізілсін: Көрсетілген қаулы кіріспесіндегі ", "Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХХVІІІ сессиясының № 302 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8-1-106)" сөздері жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Халел Мұқатайұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.