О внесении изменений в постановление акимата города Караганды от 9 апреля 2010 года № 10/08 "Об организации профессиональной последипломной практики для безработной молодежи города Караганды" Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы" № 10/08 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Қарағанды қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы" № 10/08 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-113 тіркелген, 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 64 (20848) "Орталық Қазақстан", 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 46 (20909) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулы кіріспесіндегі ", "Қарағанды қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХХVІІІ сессиясының № 302 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 8-1-106)" сөздері жойылсын;
Тармақша 2
2) 1 тармағы 4 тармақшасындағы "20 000" саны "26 000" санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Халел Мұқатайұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.