О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 июня 2010 года № 289 "О распределении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим образованием по специальностям на 2010/2011 учебный год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «2010/2011 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 289 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6326 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 289 – 290 (26134) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2010/2011 оқу жылына арналған сырттай оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында: 5В010800 Де­не­шы­нық­ты­ру және спорт 60 20 10 10 40 25 15 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 5В010800 Де­не­шы­нық­ты­ру және спорт 70 30 20 10 40 25 15 5В011200 Хи­мия 30 30 15 15 деген жол алынып тасталсын; 5В011300 Био­ло­гия 20 20 15 5 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 5В011300 Био­ло­гия 30 30 15 15 5В011600 Гео­гра­фия 50 20 10 10 30 20 10 деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 5В011600 Гео­гра­фия 60 30 15 15 30 20 10
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Доғалова):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған студенттер контингентіне сәйкес жоғары оқу орындарын қаржыландыру кезінде жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ескерсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.