О внесении дополнения в постановление акимата от 9 декабря 2011 года № 1600 "Об определении целевых групп населения в 2012 году" Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1600 "2012 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2012 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1600 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі 9-2-201, 2012 жылғы 6 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мына мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
"18) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.