О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1279 «Об утверждении перечня специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ; көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20-жолдармен толықтырылсын: «18. «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы. 19. «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы. 20. «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.