О внесении изменения в решение маслихата от 9 апреля 2014 года № 199 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходах местного сообщества Люблинского сельского округа Карасуского района Костанайской области» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 199 «Қостанай облысы Қарасу ауданы Люблин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 199 «Қостанай облысы Қарасу ауданы Люблин ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4721 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымда «Қарасу өңірі» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай облысы Қарасу ауданы
Люблин ауылдық округінің әкімі
_________________ А. Лемешко
2017 жылғы 11 тамыз
Басқа 3. Қостанай облысы Қарасу ауданы Люблин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Қарасу аудандық мәслихатының
2017 жылғы 11 тамыздағы
№ 141 шешіміне
қосымша
Қарасу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 9 сәуірдегі
№ 199 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Қарасу ауданы Люблин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Өкілдерінің саны (адам)
Люблин ауылының тұрғындары үшін
19
Симферополь ауылының тұрғындары үшін
5
Корнилов ауылының тұрғындары үшін
5