О внесении изменения в решение маслихата от 9 февраля 2015 года № 291 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Костанае» Күшін жойған
Басқа 0
«Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихаттың 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.