О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 июля 2015 года № 4-4/631 «Об утверждении форм и Правил представления производителями биотоплива отчетов в местный исполнительный орган области, города республиканского значения и столицы, необходимых для осуществления мониторинга производства биотоплива» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12107 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1, 1-1 және 1-2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Биоотын өндірушілер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына осы бұйрыққа 1, 1-1 және 1-2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді (бұдан әрі – биоотын өндірісі бойынша есептер) ұсынады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 6 қазандағы № 354 бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына 1-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ОРС-1 нысаны Кезеңділік: тоқсан сайын Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Бизнес сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде № р/с Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның коды­на сәй­кес ши­кі­зат тү­рі Ши­кi­заттың келiп түс­кенi, тон­на Био­отын өн­дiрiсiн­де пай­да­ла­ны­л­ған өзi өсiр­ген та­мақ ши­кi­за­ты Та­мақ ши­кi­за­тын жет­кi­зу­шiнiң ата­уы, ор­на­лас­қан жерi (об­лыс, аудан) Та­мақ ши­кi­за­тын жет­кi­зу шар­ты­ның күнi, нө­мiрi Қол­да­ны­л­ған қал­дық­та, тон­на Қай­та өң­дел­ген ши­кi­зат, тон­на Ши­кi­заттың бүлiн­генi, жо­ғал­ға­ны, тон­на 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Жиы­ны Атауы ______________________________________________________________ Мекенжайы__________________________________________________________ Телефоны____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________ Орындаушы _________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Бас бухгалтер_________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам __________________________________________________________________ _________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Есепті өткізген күні 20___ жылғы «__» __________ Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп» осы нысанның қосымшасында келтірілген
Басқа 1.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп» (нысанның индексі: ОРС-1 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп» нысанға қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп» (нысанның индексі: ОРС-1 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Өткізілген шикізат көлемі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға биоотын өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтер қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астаналардың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 6
6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодына сәйкес шикізат түрі көрсетіледі. Бидай үшін бидайдың осы партиясына техникалық реттеу саласындағы сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттың нөмірі мен күні қосымша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 3-бағанда шикізаттың түсімі тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 4-бағанда, егер оны өсіру көзделген жағдайда, биоотын өндірісінде пайдаланылған, өздерінде өсірілген тамақ шикізатының мөлшері көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 5-бағанда тамақ шикізатын жеткізушінің атауы, шыққан жері (облысы, ауданы) көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 6-бағанда тамақ шикізатын жеткізу шартының күні, нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 7-бағанда қолданылған қалдықтар тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 8-бағанда өңделген шикізаттың саны тоннамен көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 9-бағанда бүлінген, жоғалған шикізаттың саны тоннамен көрсетіледі.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 6 қазандағы № 354 бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына 1-1-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ОПБ-2 нысаны Кезеңділік: тоқсан сайын Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Бизнес сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде № р/с Дер­бес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі - био­отын ко­ды Өн­дiру­шiнiң өт­кіз­ге­ні, тон­на Бүлiн­генi, жо­ғал­ға­ны, литр Өнiм­дi қай­та­ру, литр Бар­лы­ғы био­отын өн­дiре­тін тұ­лға­лар­ға мұ­най өнiм­дерiн ком­паун­дир­ле­у­ге хи­мия және оны­мен бай­ла­ны­сты өнер­к­ә­сіп са­ла­ла­ры­ның өнім­де­рін өн­ді­ру­ге өзі­нің өн­дiрiстiк мұқ­таж­дық­та­ры­на пай­да­ла­ны­л­ға­ны экс­порт­қа 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Жиы­ны Атауы ______________________________________________________________ Мекенжайы__________________________________________________________ Телефоны____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________ Орындаушы _________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Бас бухгалтер_________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________________________________________________ __________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Есепті өткізген күні 20___ жылғы «__» __________ Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп» осы нысанның қосымшасында келтірілген
Басқа 2.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп» (нысанның индексі: ОПБ-2 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп» нысанға қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп» (нысанның индексі: ОПБ-2 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Өндірілген биоотын көлемі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға биоотын өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтер қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 6
6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2-бағанда дербес сәйкестендіру нөмірі-биоотын коды көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 3-бағанда өткізілген биоотынның жалпы саны (3-баған = 4-баған + 5-баған + 6-баған + 7-баған+ 8-баған) литрмен көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 4-бағанда, биоотын өндіретін тұлғаларға өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 5-бағанда мұнай өнімдерін компаундирлеуге өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 6-бағанда химия және онымен байланысты өнеркәсіп өнімдерін өндіруге өткізілген биоотын мөлшері литрмен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 7-бағанда меншікті өндірістік мұқтаждарға пайдаланылған биоотын мөлшері литрмен көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 8-бағанда экспортқа өткізілген биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 9-бағанда өндіруші бүлдірген, жоғалтқан биоотынның мөлшері литрмен көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 10-бағанда өндірушіге қайтарылған биоотынның мөлшері, литрмен көрсетіледі.
Басқа 3. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 6 қазандағы № 354 бұйрыққа 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына 1-2-қосымша Нысан Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ПБП-2 нысаны Кезеңділік: тоқсан сайын Есепті кезең: ____ тоқсан ____ жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: биоотын өндірушілер Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Бизнес сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде № р/с Жет­кi­зу түрi Жет­кi­зу мақ­са­ты Жет­кi­зу­шi ту­ра­лы мәлi­мет Жет­кi­зі­л­ген өнiм кө­ле­мi, литр Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің бі­рың­ғай та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ция нө­мі­рі № Та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған де­кла­ра­ция күнi Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ата­уы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Жиы­ны Атауы ______________________________________________________________ Мекенжайы__________________________________________________________ Телефоны____________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________ Орындаушы _________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Бас бухгалтер_________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________________________________ _________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы Есепті өткізген күні 20___ жылғы «__» __________ Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп» осы нысанның қосымшасында келтірілген
Басқа 3.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп» (нысанның индексі: ПБП-2 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп» нысанға қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп» (нысанның индексі: ПБП-2 нысаны, кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Басқа жеткізушілерден биоотынның келуі туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды биоотын өндіруші толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға биоотын өндірушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, бас бухгалтер қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды биоотын өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 6
6. 1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2-бағанда биоотынды жеткізу түрі (импорт, ішкі нарықты жеткізу) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 3-бағанда биоотынды жеткізу мақсаты (биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін, техникалық қажеттіліктер үшін, бұрын жеткізілген өнімді қайтару) көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 4-бағанда, биоотын жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 5-бағанда биоотын берушінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 6-бағанда импорттық және ішкі өндірістің есепті кезеңі ішінде жеткізуші жеткізген биоотынның көлемі литрмен көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 7-бағанда бюджеттік сыныптаманың коды көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 8-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезде тауарға берілетін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.
Тармақ 14
14. 9-бағанда әкелінетін биоотынға тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі – ТД) нөмірі көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.
Тармақ 15
15. 10-бағанда әкелінетін биоотынға ТД ресімделген күні көрсетіледі. Баған жеткізілген биоотын импорт болған жағдайда толтырылады.