О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 9 февраля 2015 года № 42 "Об утверждении Правил деятельности психологической службы в организациях среднего образования Костанайской области" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 «Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 42 «Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5417 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Психологиялық қызметтің құрамына білім беру ұйымының басшысы, оның қызметін ұйымдастыратын және бақылайтын басшының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, сондай-ақ сынып жетекшілігін жүзеге асыратын педагогтар, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтар кіреді. Психологиялық қызметтің құрамына келісім бойынша медициналық қызметкерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ата-аналар комитетінің өкілдері енгізілуі мүмкін.»; 6-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын: «8) оқу тоқсанында тестілеуді кемінде 1 рет жүйелі түрде өткізу арқылы кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсауға деген психологиялық бейімділіктерін, сондай-ақ бейәлеуметтік бейімділіктерін (құқық бұзушылыққа деген бейімділік, спирт ішімдіктерін, есірткі құралдарын пайдалану, құқық бұзушылық жасау) анықтау және олардың алдын алу; 9) өзіне-өзі қол жұмсау және олардың әрекет етуінің алдын алу мақсатында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға) психологиялық көмек көрсету.»; 6-тармақ 6-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын: «6-1 Психологиялық қызмет жұмысының негізгі нысаналы топтары: 1) аутодеструктивті мінез-құлыққа (өзіне-өзі қол жұмсауға) бейім немесе бұрын өзіне-өзі қол жұмсаған; 2) психобелсенді заттарды, спирт ішімдіктерін, есірткі заттарын пайдаланатын немесе пайдалануға бейім; 3) құқық бұзушылық жасауға бейім, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған; 4) әлеуметтік қолайсыз отбасылардан шыққан; 5) толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан; 6) өзіне-өзі қол жұмсаған немесе өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет еткен жақын туыстары немесе достары; 7) өзіне-өзі жұмсауға бағытталған интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына кіретін және тіркелген; 8) тестілеу нәтижелері мен өмірлік жағдайларға сәйкес өзге де оқушылар болып табылады.»; 8-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын: «5) өзіне-өзі қол жұмсау бағытындағы интернет-ресурстарды анықтау мақсатында прокуратура органдарын хабардар ете отырып, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу; 6) өзіне-өзі қол жұмсау бағытындағы интернет-ресурстардың қоғамдық топтарына білім алушылардың кіруі және тіркеу фактілерін анықтау, ата-аналарды (оларды ауыстыратын тұлғаларды) хабардар ету және осындай білім алушыларға психологиялық көмек көрсету.»; 15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) білім алушылардың бейәлеуметтік іс-әрекеті мен өзіне-өзі қол жұмсаушылыққа бейімділігін ескерту және оларды уақытында түзетуді жүзеге асыру;»; 16-тармақ мынадай тармақшалармен толықтырылсын: «10) жедел түрде кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсау және оларды болғызбау бойынша бірлескен шаралар қабылдау үшін қобалжушылықтың жоғары деңгейі мен өзіне-өзі қол жұмсаушылық бейімділігін анықтау туралы ата-аналарын (немесе оларды ауыстыратын тұлғаларды) және сынып жетекшісін хабардар ету; 11) кәмелетке толмағандарда өзіне-өзі қол жұмсаушылыққа бейімдеуді анықтау әдістері мен нысандарын оларды түзету және толықтыру бойынша ұсыныстар енгізумен жетілдіру;»; 16-тармақ 16-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын: «16-1 Жүктелген міндеттерді орындамаған немесе дұрыс орындамағаны үшін басшы, басшының орынбасары, педагог-психолог заңмен белгіленген жауапкершілік алады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.