О внесении изменения в постановление акимата Урджарского района от 9 декабря 2016 года № 567 «О квоте рабочих мест для инвалидов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 567 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 567 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4833 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: аталған қаулының мемлекеттік тіліндегі қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Сарбаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Үржар ауданының әкімдігінің 2019 жылғы «___»_______ № қаулысына қосымша Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері Тізімдік саны бар ұйымдар Квота мөлшері (%) елуден жүз адамға дейін 2 жүз бірден екі жүз елу адамға дейін 3 екі жүз елу бірден артық адам 4