О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 9 июня 2016 года № А-7/266 «Об определении перечня приоритетных направлений расходов областного бюджета» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5439 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2016 жылғы 16 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасында: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Жалақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, стипендиялар.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Ыдырысовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.