О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 9 июня 2016 года № А-7/266 «Об определении перечня приоритетных направлений расходов областного бюджета» Күшін жойған
Басқа 0
«Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5439 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2016 жылғы 16 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.