О внесении изменения в решение районного маслихата от 9 июня 2017 года № 132 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Айтекебийском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5597 тіркелген, 2017 жылы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы _________________________Б. О. Елеусинова «____»________________20___ж.
Басқа 4
Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 469 шешіміне қосымша Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 шешімімен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2–3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар), сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Әйтеке би ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 5
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 7
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 10
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар Әйтеке би ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Үлгілік қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» (бұдан әрі – Ардагерлер туралы Заң) 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі: Жеңіс күні – 9 мамыр. Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі.
Тармақ 9
9. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Бөлім 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері
Тармақ 10
10. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге 8 000 (сегіз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;
Тармақша 3
3)  «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;
Тармақша 4
4) еңбек ардагерлеріне жылу маусымының 7 ай ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерінде;
Тармақша 5
5) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде «Әйтеке би аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;
Тармақша 6
6) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әйтеке би аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдері негізінде, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін; Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі: Жеңіс күніне орай:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 3
3) «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 4
4) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 5
5) еңбек ардагерлеріне, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;
Тармақша 6
6) Мұгедектер күніне орай - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде.
Тармақ 12
12. Өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 3
3) еңбек ардагерлеріне және «Ардагерлер туралы» Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 4
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 5
5) мүгедектерге, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 6
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 7
7) көп балалы отбасыларға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 8
8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 9
9) аз қамтылған азаматтарға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде;
Тармақша 10
10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде.
Тармақ 13
13. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қоспағанда). Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіздемелер болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспауы.
Тармақ 14
14. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі: өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
Тармақ 15
15. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасының аумағында енгізілген төтенше жағдай кезеңіне біржолғы әлеуметтік көмек 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде бір адамға табыстарын есепке алмай және тек бір санат бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы I, II және III-топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде; Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі;
Тармақша 2
2) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын амбулаториялық ем алып жүрген науқастарға, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әйтеке би аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ұсынған тізімдері негізінде;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның әлеуметтік қызметкерлерімен қызмет көрсететін жалғыз тұратын қарт азаматтарға;
Тармақша 4
4) атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларға, арнайы аудандық комиссия бекіткен және ауылдық округ әкімдері ұсынған тізімдері негізінде. Әлеуметтік көмек құжаттарсыз көрсетіледі және төтенше жағдай тоқтатылған жағдайда төлем тоқтатылады.
Бөлім 3. 3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
Тармақ 17
17. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Әйтеке би ауданы әкімдігі бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі. Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
Тармақ 18
18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Тармақ 19
19. Осы Қағидалардың 10 тармағының 1) - 6) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 10 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) өініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге арналған жолдама;
Тармақша 4
4) жол жүру дерегін растайтын билеттер.
Тармақ 20
20. Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерді алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 22
22. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтің әкiмi бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
Тармақ 23
23. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгілік қағидалардағы 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi. Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкілетті органға жiбередi.
Тармақ 24
24. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
Тармақ 25
25. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкілетті орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 26
26. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 27
27. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
Тармақ 28
28. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажетті құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. Осы Қағидалардың 24 және 25 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 29
29. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 30
30. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
Тармақша 1
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
Тармақша 2
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Әйтеке би аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
Бөлім 4. 4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
Тармақ 32
32. Әлеуметтiк көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Әйтеке би ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
Тармақша 4
4)  өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда. Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 33
33. Бұл ретте дәйексіз мәліметтерді келтіріп заңсыз әлеуметтік көмек тағайындауға әкелгені анықталған жағдайда, әлеуметтік көмек төлеу тағайындалған тұлғаға (отбасына) белгіленген кезеңге тоқтатылады.
Тармақ 34
34. Артық төленген сомалар ерiктi қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда - сот арқылы.
Бөлім 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже
Тармақ 35
35. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.