О внесении изменений в решение Айтекебийского районного маслихата от 9 июня 2017 года № 132 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Айтекебийском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5597 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі келесідей жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында: 5 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын: «5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.»; 6 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» (бұдан әрі – «Ардагерлер туралы» ҚРЗ) Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»; 11 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын: «11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі: Жеңіс күніне орай: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде; 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде; 3) «Ардагерлер туралы» ҚРЗ күші қолданылатын басқа да адамдарға, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде; 4) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде; 5) еңбек ардагерлеріне, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде; Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай: мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде.»; 12 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын: «12. Өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі: 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 150 000 (жүз елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 3) еңбек ардагерлеріне және «Ардагерлер туралы» ҚРЗ күші қолданылатын басқа да адамдарға, 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 5) мүгедектерге, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 7) көп балалы отбасыларға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 9) аз қамтылған азаматтарға, 140 000 (жүз қырық мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде; 11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға және пробация қызметінің есебінде тұрғандарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде.»; 16 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.