О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 августа 2017 года № 323 «Об утверждении Правил ихтиологических наблюдений» Қолданыста
Басқа 0
«Ихтиологиялық байқаулар қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 323 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ихтиологиялық байқаулар қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15657 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-42) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ихтиологиялық байқаулар қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ихтиологиялық байқаулар қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 493 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 9 тамыздағы
№ 323 бұйрығымен
бекітілген
Ихтиологиялық байқаулар қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Ихтиологиялық байқаулар қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 508-42) тармақшасына сәйкес әзірленді және ихтиологиялық байқаулар тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау үшін аулау – ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, құртшабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
Тармақша 2
2) ихтиофауна – қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;
Тармақша 3
3) су объектілерін балық шаруашылығы мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
Тармақ 3
3. Ихтиологиялық байқауларды балық шаруашылығы су айдындарында балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) тоқсан сайын жүргізеді.
Тармақ 4
4. Ихтиологиялық байқаулардың негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін бақылау;
Тармақша 2
2) бақылау үшін аулау;
Тармақша 3
3) ихтиофаунаның жай-күйі туралы биологиялық материалдарды жинау;
Тармақша 4
4) өріс аудару жолдарын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына кәсіпшілік жүктемені зерделеу;
Тармақша 5
5) балық құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарын және қыстау шұңқырларын айқындау;
Тармақша 6
6) гидрометеорологиялық жағдайларға қарай уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу бойынша, балық аулау құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
Тармақша 7
7) балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын есепке алу және балықтардың қырылуының алдын-алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) су тарту, су ағызу құрылысжайларын қарап-тексеру және балықтарды қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау болып табылады.
Тармақ 5
5. Ихтиологиялық байқауларды жүргізу кезінде бақылау үшін аулауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) бекітілген Балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ихтиологиялық байқауларды жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат жасалады, ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін есепке алу және олардың сипаттамалары, олардың гидрологиялық және гидрохимиялық жай-күйі туралы деректер;
Тармақша 2
2) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін және балық шаруашылығы субъектілерін есепке алу;
Тармақша 3
3) ихтиофаунаның, балықтардың және басқа да су жануарларының азықтық базасының жай-күйі туралы деректер;
Тармақша 4
4) кәсіпшілік су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау объектілерін аулауды есепке алу;
Тармақша 5
5) балық ресурстарының және балық аулау объектілеріне жататын басқа да су жануарларының жалпы саны мен түрлік құрамы туралы деректер;
Тармақша 6
6) уылдырық шашатын өрісті және бағалы балық түрлерінің уылдырық шашуын сипаттайтын деректер;
Тармақша 7
7) уылдырық шашатын орындарды, қыстау шұңқырларын есепке алу;
Тармақша 8
8) кәсіпшілікте аулау және техникалық құралдарды, жүзу құралдарын пайдалану және балықшылардың қатысуы туралы деректер;
Тармақша 9
9) кәсіпшілік учаскесінде бойынша кәсіпшілік аулау құралдарында кездейсоқ ауланым туралы мәліметтер және тиісті қабылданған шаралар;
Тармақша 10
10) су айдындарына балық жіберу және балық аулау объектілерінің өсімін молайтудың тиімділігін сипаттайтын мәліметтер;
Тармақша 11
11) су тарту және су ағызу құрылысжайларында балық қорғау құрылғыларын есепке алу;
Тармақша 12
12) балықтардың қырылуының алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 13
13) санын, жас құрылымын, жыныстық-жас арақатынасын, азықтық базаның жай-күйін және тіршілік ету ортасын есепке алу;
Тармақша 14
14) балық ресурстары санының өсімін молайту және ықтимал өзгерістер бойынша болжамдар;
Тармақша 15
15) мыналарды қоса алғанда, қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды айқындау:
алып қоюдың рұқсат етілген көлемін белгілеу;
шектеу және маусымдық шараларды әзірлеу;
өсімді молайту бойынша ұсынымдар (қолдан өсіру, балық жіберу);
тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту жөніндегі шаралар.
Тармақ 7
7. Ихтиологиялық байқаулардың нәтижелері, ұсынымдар мен ұсыныстар жыл сайын желтоқсан айында балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға беріледі.