О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 апреля 2018 года № 177 «Об утверждении перечня международных и государственных организаций, зарубежных и казахстанских неправительственных общественных организаций и фондов, предоставляющих гранты, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың,
шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 177 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 100-жолмен толықтырылсын:
«100. Қазақстандағы «Гёте-Институт» филиалы.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.