О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 9 февраля 2018 года № 19/138-VI «Об утверждении тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов в Аягозском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 19/138-VІ «Аягөз ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 19/138-VІ «Аягөз ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5490 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 27 ақпанында, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2018 жылдың 3 наурызында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»; кіріспе келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; аталған шешіммен бекітілген 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 қаңтардағы №34/230-VІ «Аягөз ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 19/138-VІ шешімнің қолданылуын тоқтата тұру туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-194 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 13 ақпанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы 39/262-VI шешіміне 1 қосымша Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер № Атауы Есептік бірлік Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-сыз) 1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф 1.1 Жайлы үйлер 1 тұрғын / айына 93,32 1.2 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын / айына 99,5 1.3 Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері 1 м³ 746,54 2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф 2.1 Жеке тұлғалар үшін 1 м³ 478,02 2.2 Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 м³ 551,13 Аббревиатураның ажыратып жазылуы: м³ - текше метр; ҚҚС - қосылған құн салығы.
Басқа 5. Аягөз ауданының Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы 39/262-VI шешіміне 2 қосымша Аягөз ауданының Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер № Атауы Есептік бірлік Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-сыз) 1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф 1.1 Жайлы үйлер 1 тұрғын / айына 194 1.2 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын / айына 208 1.3 Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері 1 м³ 1561,3 2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф 2.1 Жеке тұлғалар үшін 1 м³ 1224,3 2.2 Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 м³ 1297,4 Аббревиатураның ажыратып жазылуы: м³ - текше метр; ҚҚС - қосылған құн салығы.