О внесении изменения в решение маслихата от 9 апреля 2019 года № 380 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Айсаринского сельского округа Костанайского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 «Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 шешіміне (2019 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8340 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Қостанай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 487 шешіміне қосымша Қостанай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 380 шешіміне қосымша Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы № Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1 Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Айсары ауылының тұрғындары үшін 60 2 Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Қостомар ауылының тұрғындары үшін 39 3 Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Степное ауылының тұрғындары үшін 3 4 Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округінің Половниковка ауылының тұрғындары үшін 10