О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2019 года № 489 «Об утверждении Правил определения суммы лимита предоставления государственной гарантии по поддержке экспорта» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 489 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 489 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 225-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитінің сомасын айқындау тәртібін айқындайды. 5-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) экспортты қолдау функцияларын жүзеге асыратын ұлттық компанияның даму жоспары;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.