О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-187/2020 «Об утверждении правил взаимодействия по контрактному фракционированию» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № ҚР ДСМ-187/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № ҚР ДСМ-187/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 84 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 9 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-187/2020 бұйрығымен
бекітілген
Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 54) тармақшасына сәйкес әзірленді және келісімшарттық фракциялау жөніндегі ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютор – қызметін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде Кодекстің 247-бабына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) бірыңғай дистрибьютордың сатып алу бағасы – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21766 болып тіркелді) өлшемшарттар қолдануды ескере отырып, есептелетін бірыңғай дистрибьютордың сатып алу бағасы;
Тармақша 3
3) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы (бұдан әрі – халықаралық патенттелмеген атауы);
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 5
5) келісімшарттық фракциялау – Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан плазмасын шетелдік өндірушінің зауыттарында плазмалық қан препараттарын өндіру үшін шетелге жіберу;
Тармақша 6
6) келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын өндірудің және берудің ұзақ мерзімді шарты – бірыңғай дистрибьютор фракционатормен плазмалық қан препараттарын өндіруге және беруге үш жылға дейін ұзарту құқығымен он жылға дейінгі мерзімге жасасатын азаматтық-құқықтық шарт (бұдан әрі – ұзақ мерзімді шарт);
Тармақша 7
7) плазма – арнаулы элементтер өлшенген қанның сұйық бөлігі;
Тармақша 8
8) плазма дайындаушылар – қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары;
Тармақша 9
9) плазмалық қан препараттары – қан плазмасын өңдеу кезінде алынған құрамында биологиялық заттар бар дәрілік заттар;
Тармақша 10
10) плазмалық қан препараттарының шығымы – фракциялау үдерісінде бір литр плазмадан алынатын әрбір атауы бойынша плазмалық қан препараттарының мөлшері;
Тармақша 11
11) плазманы беру шарты – фракционатордың плазма дайындаушымен, келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын берудің ұзақ мерзімді шартының бөлігі болып табылмайтын, фракционатордың плазмалық қан препараттарын өндіру үшін плазманы сатып алу туралы жасалатын шарты;
Тармақша 12
12) негізгі плазма дайындаушысы – Қазақстан Республикасының қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 13
13) сарапшы – ұсынылатын плазмалық қан препараттарындағы сипаттамалардың сатып алу хабарландыру шарттарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы сараптамалық қорытындыны беру үшін арнайы және (немесе) техникалық білімі, кемінде бес жыл тәжірибесі және тиісті бейін бойынша құжаттармен (дипломдар, сертификаттар, куәліктер және басқа да құжаттармен) расталатын біліктілігі бар өтеусіз негізде бірыңғай дистрибьютормен тартылатын жеке тұлға;
Тармақша 14
14) фракционатор – плазмалық қан препараттарын шетелдік өндіруші-зауыт.
Тарау 2. 2-тарау. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі
2-тарау. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі
Тармақ 3
3. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимылды мынадай ұйымдар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) плазма дайындаушылар;
Тармақша 3
3) фракционатор;
Тармақша 4
4) бірыңғай дистрибьютор;
Тармақша 5
5) плазманың негізгі дайындаушысы.
Тармақ 4
4. Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі және өзара іс-қимыл кезеңдерін іске асыру мерзімдері:
Тармақша 1
1) плазма дайындаушылар ұзақ мерзімді шарт жасалатын жылдың алдындағы жылдың бірінші қарашасына дейінгі мерзімде (бұдан әрі – жоспарлау жылы) плазманың негізгі дайындаушысына плазманы дайындаудың жоспарланатын көлемі және плазманың жоспарлау жылындағы құны туралы ақпарат жібереді;
Тармақша 2
2) плазманың негізгі дайындаушысы жоспарлау жылының бірінші желтоқсанына дейінгі мерзімде бірыңғай дистрибьюторға қан плазмасының жоспарланатын көлемі және оның техникалық сипаттамалары (келісімшарттық фракциялауға берілетін плазма үшін тестіленетін трансфузиялық инфекциялардың тізбесі) және плазмалық препараттарды кейіннен өндіру үшін инфляцияны ескере отырып, плазманың ұзақ мерзімді шарттың толық әрекет ету мерзіміндегі болжамды құны туралы жиынтық ақпарат жібереді;
Тармақша 3
3) бірыңғай дистрибьютор жоспарлау жылынан кейінгі жылдың ішінде фракционаторды іріктеу жөніндегі конкурстық рәсімдердің негізінде ұзақ мерзімді шарт жасасады;
Тармақша 4
4) фракционатор ұзақ мерзімді шарт негізінде және ұзақ мерзімді шартты іске асыру графигіне сәйкес плазманы дайындау және сақтау процесінің «Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелді) талаптарына және фракционатор белгілеген қан мен оның компоненттерін дайындау сапасына қойылатын талаптарына сәйкестігін анықтау үшін плазма дайындаушыларға бағалау жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) фракционатор ұзақ мерзімді шарт негізінде плазма дайындаушылармен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша плазманы беру шартын жасасады;
Тармақша 6
6) плазманың дайындаушылары қан плазмалық препараттарын өндіруге арналған плазманы дайындауды қамтамасыз етеді және жыл сайын бірінші қаңтар дейінгі мерзімде жүргізілген жұмыс туралы ақпаратты негізгі дайындаушыға ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі
3-тарау. Келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу тәртібі
Тармақ 5
5. Ұзақ мерзімді шарттар жасасуға конкурсты өткізу басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор өз интернет-ресурсында конкурсқа әлеуетті қатысушы-фракционаторлардың ұсыныстарын жинақтау туралы хабарландыруды орналастырады.
Хабарландыруда бірыңғай дистрибьютор қан плазмасының жоспарланатын көлемін және кейіннен жылдар бойынша плазмалық препараттарды өндіру үшін плазманың болжамды құнын көрсетеді.
Әлеуетті фракционаторлар бірыңғай дистрибьюторға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына өндіруге жоспарланған плазмалық қан препараттарының тізбесін, сондай-ақ хабарландыруда көрсетілген плазма көлемінен қан плазмалық препараттарының шығуы туралы мәліметтерді қамтитын ұсыныстарды жібереді.
Бірыңғай дистрибьютор ұсыныстар негізінде техникалық сипаттамасы бар халықаралық патенттелмеген атауы бойынша плазмалық қан препараттары тізбесінің жобасын қалыптастырады және оны уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Әлеуетті фракционаторлар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тізбеде әлеуетті фракционаторлар берген ұсыныстарға сәйкес плазмалық қан препараттарының ең аз шығымы көрсетіледі. Тізбеге барлық фракционатордың ұсыныстарына енгізілген препараттар ғана кіреді.
Уәкілетті орган «Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелді) бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярда плазмалық қан препараттарының бар-жоғын плазмалық қан препараттары тізбесінің жобасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярда ұсынылған плазмалық қан препараттары болмаған жағдайда уәкілетті орган плазмалық қан препараттары тізбесінің жобасын келісуден бас тартады және бірыңғай дистрибьюторға пысықтау үшін қайтарады.
Бірыңғай дистрибьютор 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ескертулерін жояды және уәкілетті органға қайта келісуге жібереді.
Бірыңғай дистрибьютор уәкілетті органмен келісілген плазмалық қан препараттары тізбесінің жобасын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей плазмалық қан препараттарының тізбесін бекітеді.
Тармақ 6
6. Бірыңғай дистрибьютор плазмалық қан препараттарының тізбесі бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында ұзақ мерзімді шарттар жасасуға конкурс өткізу туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды жария етеді.
Тармақ 7
7. Ұзақ мерзімді шарт жасасу үшін фракционаторды таңдау екі кезеңдік конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
Конкурстың бірінші кезеңінде фракционаторлардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін бағалау жүргізіледі, екінші кезеңде рұқсат етілген фракционаторлар арасында аукцион өткізіледі.
Тармақ 8
8. Ұзақ мерзімді шарт жасасу конкурсын өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұрады:
Тармақша 1
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, заңды мекенжайы, электрондық поштасы және банктік деректемелері;
Тармақша 2
2) фракциялауға жататын плазманың жылдар бойынша көлемі және жылдар бойынша болжамды бағалары;
Тармақша 3
3) халықаралық патенттелмеген атауы, техникалық сипаттамасы көрсетілген плазмалық қан препараттарының тізбесі мен саны;
Тармақша 4
4) өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты;
Тармақша 5
5) конкурс осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген плазманың жарияланған көлемінен алынған плазмалық қан препараттарының барлық тізбесіне бір лотпен өткізу туралы шарты.
Фракционаторлардың конкурсқа қатысу өтінімдердін қабылдау бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Фракционатор бірыңғай дистрибьюторға қосымшаларымен ұзақ мерзімді шартты жасасу ниеті туралы өтінім ұсынады:
Тармақша 1
1) фракционатордың шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың не фракционатордың Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі (филиалы) болса, онда өкілдікті (филиал) мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы және өкілдік (филиал) туралы ереженің көшірмесі;
Тармақша 2
2) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру және (немесе) өткізу құқығын растайтын құжат: рұқсат беру (лицензия), GMP сертификаттары;
Тармақша 3
3) фракционатор өкілінің сатып алуға қатысуға өкілеттігі туралы құжаты;
Тармақша 4
4) ұзақ мерзімді шарт жасасуға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген техникалық сипаттамаға сәйкес келетін саудалық атауы, техникалық сипаттамасы көрсетілген плазмалық қан препараттарының тізбесі;
Тармақша 5
5) плазмалық қан препараттарына арналған тіркеу куәлігі;
Тармақша 6
6) плазмалық қан препараттарын берген кезде бастапқы бағалық жеңілдігі.
Осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырыған аудармасымен заңдастырылған немесе апостиль қойылған көшірмелер түрінде ұсынылады.
Тармақ 10
10. Ұзақ мерзімді шарттар жасасу конкурсын өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссияны (бұдан әрі – комиссия) қалыптастырады және оның құрамын бірыңғай дистрибьютордық қызметкерлерінен бекітеді.
Тармақ 11
11. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды және төрағадан, төрағаның орынбасарынан және мүшелерден тұрады. Бірыңғай дистрибьютордың басшысы комиссия төрағасы болып тағайындалады. Комиссия төрағасының орынбасары бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлерінен белгіленеді. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
Тармақ 12
12. Комиссия ұзақ мерзімді шарт жасасқан немесе ұзақ мерзімді шарт жасасу конкурсы өткізілмеген деп танылған сәттен бастап өз қызметін тоқтатады.
Тармақ 13
13. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютор қызметкерлері қатарынан тағайындалады, комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ, ол мыналарды уақтылы қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) әлеуетті фракционаторлардан өтінімдер қабылдау және өтінімдерді тіркеу журналына уақытын көрсете отырып, жазба жүргізу;
Тармақша 2
2) өтінімдерді комиссияның қарауына ұсыну;
Тармақша 3
3) комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеу;
Тармақша 4
4) бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында комиссия отырыстарының хаттамаларын жариялау;
Тармақша 5
5) бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында конкурс қорытындылары туралы ақпарат жариялау.
Тармақ 14
14. Комиссияның барлық шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының елеулі бөлігі дауыс берген кезде, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы немесе ол болмаған кезде төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 15
15. Комиссия арнайы білімді және (немесе) техникалық білімді талап ететін мәселелер бойынша өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігін бағалау үшін тиісті салалардағы сарапшыны (сарапшылар) тартады.
Комиссия мүшелері мен сарапшылар өтінімдерді бағалау басталғанға дейін мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы декларацияға қол қояды.
Тармақ 16
16. Сараптамалық қорытынды ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 17
17. Сарапшы және комиссия мүшелері:
конкурс нәтижелеріне мүдделі;
бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлерімен, конкурстық комиссия мүшелерімен, сондай-ақ, фракционаторлардың өкілдерімен туыс (жақын туыстық, ерлі-зайыптылар, жекжаты);
соңғы екі жыл ішінде конкурсқа қатысып отырған ұйымдардың қазіргі немесе бұрыңғы қызметкерлері бола алмайды.
Тармақ 18
18. Комиссия ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмегенін анықтаған жағдайда мұндай фракционаторларға комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында ескертулер хаттамасын орналастырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ескертулерді жою үшін өтінімдерге толықтырулар енгізу құқығын береді.
Тармақ 19
19. Егер өтінімге толықтырулар ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, онда фракционатордың өтінімі бірыңғай дистрибьютор комиссиясының шешімі бойынша конкурсқа қатысудан бас тартылады.
Тармақ 20
20. Өтінімдерге толықтыруларды осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына ұсынылған құжаттардың сәйкестігіне қарау қорытындылары бойынша комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарау қорытындылары хаттамасына қол қояды.
Тармақ 21
21. Егер өтінімдерді қараудың нәтижелері бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өтінімді бір ғана фракционатор берген жағдайда онымен ұзақ мерзімді шарт жасалады. Егер екі және одан да көп өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келеді деп танылған жағдайда бірыңғай дистрибьютордың комиссиясы жіберілген фракционаторлардың арасында аукцион өткізеді.
Аукцион жиынтық құнын ескере отырып, келісімшарттық фракциялау шеңберінде өндіріліп, берілетін плазмалық қан препараттарының барлық көлеміне қосымша жеңілдік алу мақсатында өткізіледі.
Тармақ 22
22. Аукцион қарау қорытындылары хаттамасына қол қойылғаннан кейінгі келесі жұмыс күні жұмыс уақытының сағат 15.00-де басталады.
Тармақ 23
23. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында аукционды өткізудің уақыты мен күні туралы хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 24
24. Аукцион бейнеконференцбайланыс құралдары пайдаланыла отырып, өткізіледі.
Комиссия хатшысы аукцион басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей өтінімде көрсетілген конкурс қатысушыларының электрондық пошталарына аукционға қатысу сілтемесін жібереді.
Бейнеконференцбайланысын пайдалана отырып, аукционға қатысу тегін болып табылады және фракционатордың атауы және фракционатордың уәкілетті өкілінің деректері бойынша сәйкестендіруден өтуі арқылы расталады.
Аукционды өткізу кемінде 36 (отыз алты) ай сақталатын аудио/бейнежазбаға тіркеледі.
Аукционның аудио/бейнежазбасының көшірмесі қатысушыға жазбаша сұранымы бойынша беріледі.
Тармақ 25
25. Аукцион басталғанға дейін комиссия хатшысы конкурсқа қатысушылар ұсынған жоспарлау жылына бірыңғай дистрибьютордың сатып алу бағасынан бастапқы бағалық жеңілдіктерді және конкурсқа қатысушының анағұрлым жоғары бастапқы бағалық жеңілдігін жариялайды.
Аукцион аукционға қатысушылардың анағұрлым жоғары бастапқы бағалық жеңілдігін дәйекті түрде ұлғайту жолымен өткізіледі.
Аукцион қадамы қатысушының аукцион басталған немесе бәсекелес бағалық жеңілдігі берілген сәттен бастап 5 (бес) минут ішінде анағұрлым жоғары бастапқы бағалық жеңілдігін ұлғайту мүмкіндігін білдіреді.
Тармақ 26
26. Аукционның ең төмен қадамы 1 (бір) пайызды құрайды. Аукциондағы қадамдар саны шектелмейді.
Аукцион анағұрлым жоғары түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсынған конкурсқа қатысушы анықталғанға дейін өткізіледі.
Егер бағалық жеңілдігі бірдей болса, онда конкурсқа қатысу өтінімін бірінші болып берген фракционатор аукцион жеңімпазы болып танылады.
Аукцион қорытындылары бойынша аукцион қорытындыларының хаттамасы қалыптастырылады, онда:
Тармақша 1
1) аукцион өткізілген күні мен уақыты;
Тармақша 2
2) аукционға қатысқан фракционаторлардың атауы және олардың жеңілдіктер мөлшері;
Тармақша 3
3) анағұрлым жоғары бастапқы бағалық жеңілдігін және жеңілдік мөлшерін ұсынған фракционатордың атауы;
Тармақша 4
4) ұзақ мерзімді шарт жасалатын конкурс жеңімпазының атауы және оның жеңілдік мөлшері;
Тармақша 5
5) көлемі бойынша келесі бағалық жеңілдікті ұсынған фракционатордың атауы және жеңілдік мөлшері көрсетіледі.
Аукцион қорытындыларының хаттамасына аукционның аудио/бейнежазбасы қоса беріледі.
Комиссия хатшысы аукцион қорытындылары туралы хаттаманы бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 27
27. Бірыңғай дистрибьютор аукцион қорытындыларының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған ұзақ мерзімді шартты жібереді.
Жеңімпаз ұзақ мерзімді шартты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді шартқа қол қояды.
Аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде ұзақ мерзімді шарт жасасудан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда жеңімпаз жалтарған деп танылады және онымен ұзақ мерзімді шарт жасалмайды.
Мұндай жағдайда бірыңғай дистрибьютор аукцион жеңімпазының жеңілдігіне тең бағалық жеңілдігін ұсынған қатысушымен не анағұрлым жоғары бағалық жеңілдігін ұсынған келесі қатысушымен ұзақ мерзімді шарт жасасады.
Мұндай қатысушы ұзақ мерзімді шарт жасасудан бас тартқан не жалтарған жағдайда конкурс өтпеген деп танылады және бірыңғай дистрибьютор қайта конкурс жариялайды.
Тармақ 28
28. Ұзақ мерзімді шарт жасасуға конкурс:
Тармақша 1
1) конкурс бойынша бірде-бір өтінім ұсынылмаған;
Тармақша 2
2) конкурс бойынша барлық өтінімдер қабылданбаған;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 27-тармағында айқындалған жағдай туындаған кезде өтпеген деп танылады.
Тармақ 29
29. Ұзақ мерзімді шартты жасасқан сәттен бастап және келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын беру дайындығы басталған күнге дейінгі кезең 3 (үш) жылдан аспайды.
Көрсетілген мерзім асып кеткен кезде бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шартты біржақты тәртіппен бұзады.
Тармақ 30
30. Ұзақ мерзімді шарттар бойынша плазмалық қан препараттарын беру басталғанға дейін бірыңғай дистрибьютор оларды «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32733 болып тіркелді) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) айқындалған тәсілдермен сатып алады.
Тармақ 31
31. Фракционатор бірыңғай дистрибьюторды плазмалық қан препараттарын келісімшарттық фракциялау шеңберінде ұзақ мерзімді шартта көзделген мерзімдер мен тәсілдермен беруге дайындығы туралы хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Ұзақ мерзімді шарттар бойынша сатып алу оның әрекет ету мерзімі ішінде тиісті қаржы жылында фракционатор бірыңғай дистрибьюторға тиісті қаржы жылы жүгінген сәттен бастап міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің көлемін, бағасын, түрі мен сомасын, плазмалық қан препараттарын беру талаптары көрсетіле отырып, мыналар ұсынылған жағдайда қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) плазмалық қан препараттарын өндіру және (немесе) өткізу құқығын растайтын құжат (рұқсатнама (лицензия));
Тармақша 2
2) плазмалық қан препараттарын өндіру үшін тиісті өндірістік практика стандарттарын (GMP) енгізуді растайтын құжат;
Тармақша 3
3) плазманы беру шарттарының көшірмелері.
Тармақ 33
33. Егер плазмалық қан препараттарын сатып алу рәсімі тиісті қаржы жылы Сатып алу қағидаларында көзделген өзге тәсілмен жүзеге асырылып жатқан болса, ұзақ мерзімді шарттар бойынша сатып алу келесі қаржы жылы жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Егер фракционатор өндіретін және беретін плазмалық қан препараттарының көлемдері бірыңғай дистрибьютордың қажеттілігін өтемеген жағдайда, онда қалдық көлемді сатып алу Сатып алу қағидаларымен айқындалған тәсілдермен жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Шартты жасасу үшін негіз болып табылатын мынадай шарттар сақталған кезде ұзақ мерзімді шарттың әрекет ету мерзімінде ұзақ мерзімді шартқа бірыңғай дистрибьютор немесе фракционатор бастамашылық ететін кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі:
өнім сапасы;
түпкілікті бағалық жеңілдігі;
шарттың әрекет ету мерзімі және қолданылатын заңнама.
Тармақ 36
36. Ұзақ мерзімді шарттың орындалу мониторингін бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
Фракционатормен жасалған ұзақ мерзімді шартты бұзу үшін негіз болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) өндіруден және (немесе) беруден бас тарту;
Тармақша 2
2) фракционатор және бірыңғай дистрибьютор бекіткен беру графигінің 3 (үш) айдан астам мерзімге бұзылуы;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның плазмалық қан препаратының дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжаттың қабылданылуы;
Тармақша 4
4) ұзақ мерзімді шартта көзделген берудің басталу күнінің бұзылуы. Бұл ретте, беру басталатын мерзімі бұзылған плазмалық қан препараттарының атаулары бойынша шартты ішінара бұзуға жол беріледі;
Тармақша 5
5) үшінші тұлғалардың плазмалық қан препараттарын өткізуге байланысты патенттік және сот тәртібімен белгіленген өзге де құқықтары мен талаптарының бұзылуы.
Осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша ұзақ мерзімді шарт бұзылған кезде қан плазмалық препараттарының жаңа атауларына шартты бағалық жеңілдігі сақталған жағдайда плазмалық қан препараттарының басқа атауларына ауыстыруға жол беріледі.
Ұзақ мерзімді шарт бұзылған кезде плазмалық қан препараттарын сатып алуды бірыңғай дистрибьютор Сатып алу қағидаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырады.
Басқа 1. ПЛАЗМАНЫ БЕРУДІҢ ҮЛГІЛІК ШАРТЫ №_____
(фракционатор мен плазма дайындаушы арасында
бір күнтізбелік жылға жасалады)
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 84 Бұйрыққа 1-қосымша
Келісімшарттық фракциялау
жөніндегі өзара іс-қимыл
қағидаларына
1-қосымша
ПЛАЗМАНЫ БЕРУДІҢ ҮЛГІЛІК ШАРТЫ №_____
(фракционатор мен плазма дайындаушы арасында
бір күнтізбелік жылға жасалады)
__________________
«___» __________ _____ж.
(орналасқан жері)
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ___________________________________ атынан, ______ негізінде әрекет ететін (фракционатор-ұйымның атауы) бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ___________________________________ атынан, Жарғы негізінде әрекет ететін (плазма дайындаушы-ұйымның атауы) екінші тараптан бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес және Бірыңғай дистрибьютор мен фракционатор арасында жасалған келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын өндірудің және берудің ______ жылғы «___» _______ №___ ұзақ мерзімді шарты негізінде төмендегілер туралы осы плазманы беру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың нысанасы
1-тарау. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге плазманы (бұдан әрі – тауар) Шартқа 1-қосымшада көрсетілген көлемде, баға мен график бойынша беруге, ал Тапсырыс беруші тауарды қабылдауға және Шарттың тәртібі мен талаптарына сәйкес төлеуге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Тапсырыс беруші тауарды Тапсырыс берушінің зауытына дейін беруді EXW (Incoterms 2020) шарттарымен жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тапсырыс беруші тауарды (қан компоненттері) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсат беру құжаттарын дербес және өз есебінен ресімдеуге міндеттенеді.
Тармақ 4
4. Тапсырыс беруші тауарды экспорттық кедендік ресімдеуді, тауарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуді дербес және өз есебінен жүзеге асыруға, сондай-ақ тауарды экспорттың кедендік рәсімінде шығарған күннен бастап жұмыс 10 (он) күні ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына тауардың экспорты және ҚҚС қолдану туралы мәліметтерді одан әрі ұсыну үшін Өнім берушіге тауарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іс жүзінде әкетуді растайтын кеден органдарының белгілері бар тауар декларациясының көшірмелерін беруге міндеттенеді.
Тармақ 5
5. Шарттың мынадай қосымшалары Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады:
Тармақша 1
1) 1-қосымша «Берілетін тауардың тізбесі»;
Тармақша 2
2) 2-қосымша «Тауарды қабылдау-беру актісі».
Тарау 2. 2-тарау. Шарттың бағасы
2-тарау. Шарттың бағасы
Тармақ 6
6. Шарттың бағасы _____________________________________________ құрайды.
(шетелдік валютадағы сомасы санмен және жазумен)
Шартқа 1-қосымшада тауардың атауы, сипаттамасы, саны, бірлігі үшін бағасы, тауарды беру сомасы мен мерзімдері көрсетілген.
Тармақ 7
7. Шарттың бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді қамтиды.
Тармақ 8
8. Тауар бірлігі үшін баға Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін тіркелген болып қалады.
Тармақ 9
9. Берілетін тауардың сапасы өзгермеген кезде Шартқа өзгерістер енгізуге берілетін тауардың көлемі өзгерген жағдайда, сондай-ақ Тараптардың өзара келісімі бойынша басқа жағдайларда жол беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Төлем тәртібі
3-тарау. Төлем тәртібі
Тармақ 10
10. Тапсырыс беруші Шарт бойынша берілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші тауардың тиісті партиясы алынған күннен бастап жұмыс 30 (отыз) күні ішінде жүргізеді.
Тармақ 11
11. Төлем Өнім беруші уақтылы ұсынған және Тапсырыс беруші тауарды беруді растайтын құжаттардың тиісті түрде ресімделген түпнұсқаларын алған жағдайда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Өнім берушінің шот-фактурасы;
Тармақша 2
2) тарапқа тауарды босатуға арналған жүкқұжат;
Тармақша 3
3) қан компоненттерін әкетуге арналған рұқсат беру құжатының нөмірлері;
Тармақша 4
4) Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тараптар қол қойған тауарды қабылдау-беру актісі;
Тармақша 5
5) Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілінің тауарды қабылдағаны туралы белгісі бар Өнім берушінің тауар-көлік жүкқұжаты.
Тарау 4. 4-тарау. Тауарды қаптау және таңбалау
4-тарау. Тауарды қаптау және таңбалау
Тармақ 12
12. Тауар Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдеріне тиеу/түсіру, оны темір жол және (немесе) автомобиль көлігімен тасымалдау, ауыстырып тиеуді қоса алғанда, түсіру кезінде тауардың бүлінуден сақталуын қамтамасыз ететін тиісті қаптамада берілуі тиіс.
Тармақ 13
13. Тауарды таңбалау және қаптау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес келуі тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Тауар сапасын қамтамасыз ету
5-тарау. Тауар сапасын қамтамасыз ету
Тармақ 14
14. Тапсырыс беруші тауарды дайындау және сақтау шарттарына мониторинг жүргізуге құқылы.
Тармақ 15
15. Мониторинг нәтижелері бойынша Өнім берушінің тауарды дайындау, сақтау, есепке алу тәртібі бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Тапсырыс беруші ескертулерді жою жөнінде негізделген қорытындылар мен ұсынымдар беруге құқылы. Өрескел бұзушылықтар болған жағдайда Тапсырыс беруші кемшіліктер жойылғанға дейін тауар қабылдауды уақытша тоқтатуға құқылы.
Тармақ 16
16. Өнім беруші мониторинг жүргізудің нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі барлық шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 17
17. Тапсырыс беруші қажетті ілеспе құжаттар болмаған кезде, сондай-ақ макроскопиялық бағалауда: қаптаманың тұмшаланып жабылғаны бұзылғанда, дұрыс емес таңбалау, гемолиз белгілері, ішінара еріту және қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да ақаулар кезінде ескертулер болғанда Өнім берушіден қабылдау сәтінде тауардан бас тартуға құқылы. Тауардан бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша, еркін нысанда ресімделеді.
Тармақ 18
18. Тапсырыс беруші қабылдаған және кейіннен дұрыс сақтамау, жылыту немесе еріту салдарынан сапасының төмендеу себебінен өндіріске жарамсыз деп танылған тауар Өнім берушіге қайтарылмайды.
Тармақ 19
19. Өнім беруші тауардың сапасы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған талаптарға сәйкес тауарды тиісінше мұздату мен сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 20
20. Өнім беруші берілген тауар алынған донорда трансмиссиялық инфекциялар маркерлері анықталғаны туралы Тапсырыс берушіні бірден хабардар етуге міндетті.
Тармақ 21
21. Өнім беруші өтінім берілген тауарды босатудың кешігуіне немесе мүмкін болмауына әкеп соғатын технологиялық жабдықтың бұзылғаны туралы дереу хабардар етуге міндетті.
Тарау 6. 6-тарау. Тауарды беру және қабылдау, тасымалдау
6-тарау. Тауарды беру және қабылдау, тасымалдау
Тармақ 22
22. Тапсырыс беруші тауарды қабылдау, тасымалдау, есепке алу және сақтау үшін жауапты тұлғаларды айқындауға, сондай-ақ оларды Өнім берушіден өтінімді ресімдеу, тауарды қабылдау мен тасымалдаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібімен таныстыруға міндетті.
Тармақ 23
23. Тапсырыс беруші тауарды ресімделген өтінімге сәйкес саны мен сапасы бойынша қабылдауға міндетті.
Тармақ 24
24. Тапсырыс беруші тауарды Өнім берушінің қоймасынан қабылдаған және тауар-көлік құжаттарына қол қойған сәттен бастап тауардың барлық тәуекелдері үшін жауапты болады.
Тармақ 25
25. Өнім беруші плазманы беру өтінімдердің мәлімделген саны мен атауына сәйкес орындалуын қамтамасыз етуге міндетті және өзі мәлімдеген, оның ішінде сақтау мерзімі шектеулі тауарды алудан негізсіз бас тартқаны үшін жауапты болады.
Тармақ 26
26. Тараптардың осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарды қабылдау-беру актісіне қол қойған күні тауарды беру күні болып есептеледі.
Тармақ 27
27. Тапсырыс беруші тауар тасымалдауды салқындатқыш элементтері бар термоконтейнерлерде немесе тоңазытқышпен (авторефрижератор) жабдықталған арнайы автокөлікте барынша қысқа мерзімде жүзеге асыру керек.
Тарау 7. 7-тарау. Экспорттық және валюталық бақылау
7-тарау. Экспорттық және валюталық бақылау
Тармақ 28
28. Өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға экспорттық және валюталық бақылауды қамтамасыз ететін барлық мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тарау 8. 8-тарау. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
8-тарау. Міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 29
29. Өнім беруші осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген тауарды беру графигін бұзған кезде Тапсырыс берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімінде берілмеген тауар құнының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ Шартта көзделген мерзімде берілмеген тауар құнының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Тармақ 30
30. Тұрақсыздық айыбын төлеуді Өнім беруші Тапсырыс берушінің шотын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Тұрақсыздық айыбы шарт бойынша графигінде көзделген тауарды тиісінше берудің соңғы күнінен кейінгі күннен бастап және тауарды қоса алғанда нақты берген күнге дейін есептеледі.
Тармақ 31
31. Тапсырыс берушімен берілген тауар үшін төлем мерзімі бұзылған кезде Тапсырыс беруші жазбаша хабарлама мен Өнім берушінің шоты негізінде Өнім берушіге берілген тауар үшін төлем бойынша берешек сомасының 0,1 (нөл бүтін, оннан бір) пайызы мөлшерінде, бірақ берілген тауар үшін төлем бойынша берешек сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Тармақ 32
32. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
Тарау 9. 9-тарау. Тараптарды Шарт бойынша жауапкершіліктен босату негіздері
9-тарау. Тараптарды Шарт бойынша жауапкершіліктен босату негіздері
Тармақ 33
33. Тараптар өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, тауар беруге тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару) салдары болып табылса, бұл жағдайлар Тараптардың кез келгенінің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік бермеген жағдайда жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 34
34. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес, бірақ күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Тармақ 35
35. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы Тараптардың кез келгені олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты хабардар етуге міндетті. Өнім беруші тарапынан еңсерілмейтін күш жайғдайлар уәкілетті органмен және (немесе) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен расталуға тиіс. Тапсырыс беруші тарапынан еңсерілмейтін күш жағдайлары Тапсырыс беруші елінде растайтын құжаттарды беруге уәкілетті органмен (ұйыммен) расталуға тиіс.
Тармақ 36
36. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау, еңсерілмейтін күш жағдайлар оны жүзеге асыру мүмкін еместігінің себебі болып табылған жағдайларды қоспағанда, Тараптарды міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайлардың кез келгеніне сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тармақ 37
37. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам мерзімде мүмкін болмаса, онда Тараптардың кез келгені Шартты бұзуға және өзара есеп айырысуды жүргізуге құқылы.
Тарау 10. 10-тарау. Дауларды шешу тәртібі
10-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 38
38. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар сол немесе өзге Тараптардың біреуі өтініш жасаған кезден бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде келіссөздер жолымен (ауызша және (немесе) жазбаша нысанда) шешіледі.
Тараптар арасындағы дауды (және) немесе келіспеушілікті келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған кезде мұндай дау және (немесе) келіспеушілік Халықаралық төрелік орталықтың төрелік және медиация қағидаларына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы жүргізетін төрелік талқылау шеңберінде шешілуге жатады. Қолданылатын заңнама Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады.
Тарау 11. 11-тарау. Хат-хабар
11-тарау. Хат-хабар
Тармақ 39
39. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың күні мен нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуға тиіс.
Осы Шартта көзделген құжаттарда жолдар арасындағы ендірмелерге, өшірулерге немесе қосып жазуларға жол берілмейді.
Тармақ 40
40. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегі түрінде жіберіледі.
Жазбаша түрде жасалған хат-хабар Шартта немесе Тараптардың хаттарында көрсетілген Тараптардың электрондық мекенжайларына сканерленген түрде де берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда хат-хабар Тарапқа тиісті түрде жеткізілген болып есептеледі.
Тармақ 41
41. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
Тармақ 42
42. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметі арқылы жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, хат-хабар жіберілген Тарапқа оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық пошта арқылы жіберілген хат-хабар Шартта көрсетілген Тараптың электрондық мекенжайына оны жіберген күні жеткізілген болып есептеледі.
Тарау 12. 12-тарау. Қорытынды ережелер
12-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 43
43. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарт жасалған нысанда жасалса, күшке ие болады.
Тармақ 44
44. Тараптар өз құқықтарын, оның ішінде бір-бірінен талап ету құқықтарын және Шартта көрсетілген міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге немесе қайта табыстауға құқылы емес.
Тармақ 45
45. Қандай да бір Тараптың заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 46
46. Шарт жазбаша нысанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.
Тармақ 47
47. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және бір жыл бойы әрекет етеді.
Тарау 13. 13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік және өзге де деректемелері
13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік және өзге де деректемелері
Тапсырыс беруші:
Заңды мекенжайы:
Банктік деректемелер
Телефон, e-mail
__________________________
лауазымы
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөрі (ол болған жағдайда)
Өнім беруші:
БСН
Заңды мекенжайы:
Банктік деректемелер
Телефон, e-mail
__________________________
лауазымы
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөрі (ол болған жағдайда)
Басқа 1-1. Берілетін тауардың тізбесі
Плазманы берудің үлгі шартына
1-қосымша
______________ №________
Нысан
Берілетін тауардың тізбесі
№
Тауардың атауы
Сипаттамасы
Өлшем бірлігі
Бірлік бағасы
Саны
Сомасы
Беру графигі*
1.
Плазма
(Қан компоненті)
Трансфузиялық инфекциялар маркерлеріне (АИТВ 1,2, В, С гепатиті, мерез) және тұрақты емес антиэритроциттік антиденелерге зерттеп-қаралған донорлардан алынды. Жаңа мұздатылған
Жиыны:
* Өнім беруші тауардың белгілі бір көлемін дайындауға міндетті, ал Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі Өнім берушінің қоймасында қабылдауды жүзеге асыруға міндетті күні көрсетіледі
Тапсырыс беруші:
Заңды мекенжайы:
Банктік деректемелер
Телефон, e-mail
__________________________
лауазымы
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөрі (ол болған жағдайда)
Өнім беруші:
БСН
Заңды мекенжайы:
Банктік деректемелер
Телефон, e-mail
__________________________
лауазымы
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөрі (ол болған жағдайда)
Басқа 1.2. Тауарды қабылдау-беру актісі
Плазманы берудің үлгі шартына
2-қосымша
______________ №________
Нысан
Тауарды қабылдау-беру актісі
_____________________
(Тауарды қабылдау орны)
20__ жылғы «___» _______
(Тауарды қабылдау күні (қабылдау-
беру фактісі бойынша толтырылады)
№
Тауардың атауы
Сериясы
Өлшем бірлігі
Саны
Бірлік үшін бағасы
Сомасы
1
2
Жиыны:
Жиыны: (__________)
Тапсырыс беруші:
Заңды мекенжайы:
Банктік деректемелер
Телефон, e-mail
__________________________
лауазымы
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөрі (ол болған жағдайда)
Өнім беруші:
БСН Заңды мекенжайы:
Банктік деректемелер
Телефон, e-mail
__________________________
лауазымы
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөрі (ол болған жағдайда)
Басқа 2. Келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық
қан препараттарын өндіру және берудің
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҮЛГІЛІК ШАРТЫ №___
(бірыңғай дистрибьютор мен фракционатор арасында)
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 27 шілдедегі
№ 84 Бұйрыққа 2-қосымша
Келісімшарттық фракциялау
жөніндегі өзара іс-қимыл
қағидаларына
2-қосымша
Келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық
қан препараттарын өндіру және берудің
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҮЛГІЛІК ШАРТЫ №___
(бірыңғай дистрибьютор мен фракционатор арасында)
_________________
«___»___________ _____ ж.
(орналасқан жері)
Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютор» деп аталатын «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан Жарғының негізінде әрекет ететін Басқарма төрағасы _____________________________________, бір тараптан және бұдан әрі «Фракционатор» деп аталатын ________________ атынан, ___________________ негізінде әрекет ететін Фракционатор-ұйымының толық атауы, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке «Тарап» деп аталып, Келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар), фракционатордың осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын өндірудің және берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу конкурсына қатысуға өтінім, Келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын өндірудің және берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға арналған конкурс қорытындысы туралы «___» _______ № ____хаттама негізінде төмендегілер туралы осы Келісімшарттық фракциялау шеңберінде плазмалық қан препараттарын өндірудің және берудің ұзақ мерзімді шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың нысанасы
1-тарау. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Фракционатор:
Тармақша 1
1) плазма дайындаушылар берген плазманы фракциялау жолымен осы Шартқа 2-қосымшада көрсетілген графигіне сәйкес осы Шартқа 1-қосымшада (бұдан әрі – Тауар) санамаланған плазмалық қан препараттарын жасауға;
Тармақша 2
2) осы Шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жылдан кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторға Тауар беруді бастауға;
Тармақша 3
3) Тауарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) беру басталғаннан бастап 10 (он) жылдың ішінде Бірыңғай дистрибьюторға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32733 болып тіркелді) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларында (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары), осы Шартта және оған қосымша келісімдерде белгіленген тәртіппен беруге міндеттенеді.
Тауардың бірінші партиясын беру күні берудің басталуы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бірыңғай дистрибьютор Фракционатормен осы Шартқа олардың қолданылу мерзімі бір қаржы жылына арналған жыл сайынғы қосымша келісімдер жасасу жолымен ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық ұйымдар (тапсырыс берушілер) мәлімдеген және оларға ТМККК және МӘМС шеңберінде қажетті көлемде Тауарды беру басталғаннан бастап 10 (он) жылдың ішінде Тауар Бірыңғай дистрибьютордың тізімінде, уәкілетті орган белгілеген Тауарға шекті бағалар болғанда және тиісті қаржы жылына арналған беру графигі ұсынылған жағдайда Фракционатордан Тауар сатып алуға міндеттенеді.
Тармақ 3
3. Бірыңғай дистрибьютор Фракционаторға Тауарды осы Шартқа қосымша келісімдерде айқындалған бағалар бойынша және мерзімдерде Фракционатордың банктік шотына ақша аудару жолымен төлеуге міндеттенеді.
Тарау 2. 2-тарау. Тараптардың тауарды беру жөніндегі міндеттемелері
2-тарау. Тараптардың тауарды беру жөніндегі міндеттемелері
Тармақ 4
4. Беру кезеңі басталғаннан кейін Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушілерден алдын ала өтінімдерді алған және келесі қаржы жылына арналған жыл сайынғы қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей Фракционаторға Тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, оның саны/көлемі, графигі, беру орын(дары) және техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс алдын ала өтінімді ұсынады.
Тармақ 5
5. Бірыңғай дистрибьютор түпкілікті өтінімді Фракционаторға Тапсырыс берушілердің түпкілікті өтінімдерін және жыл сайынғы қажеттілігінен қалыптастырғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Тармақ 6
6. Жеке қаржы жылына осы бұйрыққа қосымша келісімге өзгерістер енгізу сапасы өзгермеген жағдайда және Фракционаторды таңдау үшін негіз болатын басқа да жағдайда:
Тармақша 1
1) Қағидаларда көзделген жағдайларда Тауардың көлемін өзгерту;
Тармақша 2
2) Қосымша келісім негізінде Тауардың саудалық атауын өзгертпеу шартымен оның өндірушісін, тіркеу куәлігінің ұстаушысын немесе өндіріс орнын (өндірістік алаңын) өзгерту;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсаты (қорытындысы) негізінде тіркеу куәлігінің қолданылу және Тауардың қалған партиясын Қазақстан Республикасына әкелу мерзімі аяқталғанда өзгеріс енгізуге жол беріледі.
Тармақ 7
7. Фракционатор Бірыңғай дистрибьютор Фракционаторға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жеке қаржы жылына осы Шартқа қосымша келісімдерге қол қоюға міндеттенеді. Мұндай қосымша келісімдерде Қағидаларда, Сатып алу қағидаларында және осы Шартта көзделген Тауарды берудің елеулі талаптары қамтылуға тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Баға белгілеу
3-тарау. Баға белгілеу
Тармақ 8
8. Осы Тауарды беруге арналған Шартқа сәйкес тиісті қаржы жылына арналған қосымша келісімдегі Тауардың бағасы Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын, сондай-ақ осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес шартты бағалық жеңілдікті ескере отырып, Сатып алу қағидаларының 4-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Тауарға арналған шекті бағадан аспауға тиіс.
Тармақ 9
9. Шартты бағалық жеңілдік сатып алу жылындағы Тауардың бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады:
(Р-N) - S = D
Р – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен шекті баға;
N – Бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы;
S – Фракционатордың шартты жеңілдігі;
D –Тауар бағасы.
Тармақ 10
10. Тауар бағасы барлық салықтар мен алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді, Тауарды қаптауға, таңбалауға арналған шығындарды, сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына Тауарды беруге байланысты Фракционатордың шығыстарын қамтиды.
Тармақ 11
11. Егер Тауардың тиісті қаржы жылына оны беру туралы осы Шартқа қосымша келісім жасалған болса, оның бағасы Тараптармен келісілген болып есептеледі.
Тарау 4. 4-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
4-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 12
12. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тауардың бірінші партиясын әрбір атауы бойынша беру басталған күннен бастап 10 (он) жыл ішінде қолданылады.
Тарау 5. 5-тарау. Шартты бұзу
5-тарау. Шартты бұзу
Тармақ 13
13. Мыналар осы Шартты бұзу үшін негіздер болып табылады:
Тармақша 1
1) өндіруден және (немесе) беруден бас тарту;
Тармақша 2
2) Фракционатор мен Бірыңғай дистрибьютор бекіткен беру графигін 3 (үш) айдан астам мерзімге бұзу;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның плазмалық қан препаратының дәлелденбеген клиникалық тиімділігі туралы құжат қабылдағаны;
Тармақша 4
4) Шартта көзделген берудің басталу күнін бұзу. Бұл ретте беруді бастау мерзімі бұзылған плазмалық қан препараттарының атаулары бойынша ішінара бұзуға жол беріледі;
Тармақша 5
5) сот тәртібімен белгіленген плазмалық қан препараттарын өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың патенттік және өзге де құқықтары мен талаптарын бұзу.
Тармақ 14
14. Бірыңғай дистрибьютор Фракционаторға тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Фракционаторға қандай да бір шығыстар мен шығындарды өтеместен, осы Шарттың 13-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша осы Шартты толық немесе ішінара біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Хабарламада осы Шартты бұзудың себебі күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ оны бұзудың күшіне енген күні көрсетілуге тиіс.
Тармақ 15
15. Осы Шарттың 13-тармағы 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайлар туындағанда Тараптар плазмалық қан препараттарының жаңа атауларына шартты бағалық жеңілдікті сақтап, плазмалық қан препараттарының басқа атауларына ауыстыруға құқылы.
Тармақ 16
16. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
Тарау 6. 6-тарау. Тараптарды жауапкершіліктен босату негіздері
6-тарау. Тараптарды жауапкершіліктен босату негіздері
Тармақ 17
17. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін егер олар еңсерілмейтін күш жағдайларының (дүлей зілзалалар, міндеттемелерді орындауға тыйым салатын немесе қандай да бір өзгеше түрде кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың нормативтік актілерін немесе өкімдерін шығару, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай дистрибьютор тізімінде Тауардың болмауы және тиісті қаржы жылына Тапсырыс берушілердің өтінімдерінің болмауы (оның ішінде көлемі азайған кезде) салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
Тармақ 18
18. Еңсерілмейтін күш жағдайлары мұндай жағдайлар қатарынан 3 (үш) айдан астам уақытқа созылатын жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың қолданысын тоқтату үшін негіз бола алмайды. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар әрекет еткен уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. Еңсерілмейтін күш жағдайларының қолданылуы тоқтатылғаннан кейін осы Шартты орындауды екі Тарап қайтадан жалғастырады.
Тармақ 19
19. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде олар басталған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде екінші Тарапты осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайларды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган/ұйым растауға тиіс.
Тармақ 20
20. Еңсерілмейтін күш жағдайларының туындағаны туралы хабарламау немесе уақтылы хабарламау Тарапты осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз ретінде жоғарыда көрсетілген кез келген жағдайға сілтеме жасау құқығынан айырады.
Тарау 7. 7-тарау. Дауларды шешу тәртібі
7-тарау. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 21
21. Осы Шарттан туындайтын немесе оған байланысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер (хат алмасу) арқылы шешіледі.
Тармақ 22
22. Тараптар арасындағы дауды (және) немесе келіспеушілікті келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған кезде мұндай дау және (немесе) келіспеушілік Халықаралық төрелік орталықтың Төрелік және медиация қағидаларына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығы жүргізетін төрелік талқылау шеңберінде шешілуге тиіс. Қолданылатын заңнама Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады.
Тарау 8. 8-тарау. Хат-хабар
8-тарау. Хат-хабар
Тармақ 23
23. Осы Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін немесе талап етілуі мүмкін кез келген хабарламалар немесе хабарлар жазбаша түрде ұсынылады және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Шұғыл жағдайда, аталған хат-хабар міндетті түрде тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіле отырып, оның жеткізілуін тіркеуді көздейтін электрондық пошта немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдарының көмегімен берілуі мүмкін.
Тармақ 24
24. Осы Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға немесе олардың өкілдеріне осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуге тиіс.
Тармақ 25
25. Тапсырыс хатпен немесе курьерлік қызмет арқылы жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарлама болған жағдайда, ол жолданған Тарап оны алған күні (сағатында) жеткізілген болып есептеледі. Электрондық пошта немесе оның жеткізілгенін тіркеуді көздейтін өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген хат-хабар Шартта белгіленген талаптар сақталған кезде электрондық пошта жүйесінде алғаны туралы жауап хабарламамен хат-хабарды алғанын растау болған кезде ол жолданған Тарапқа берілген күні (сағат) жеткізілген болып есептеледі.
Тарау 9. 9-тарау. Өзге жағдайлар
9-тарау. Өзге жағдайлар
Тармақ 26
26. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде жазбаша нысанда жасалса, оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойса және Тараптардың мөрлерімен куәландырылса, күшке ие болады.
Тармақ 27
27. Тараптың екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 28
28. Қандай да бір Тараптың атауы, заңды мекенжайы және басқа да деректемелері өзгерген кезде, ол осындай өзгерістер болған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 29
29. Тараптардың осы Шартпен реттелмеген өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 30
30. Осы Шарт қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 2 (екі) бірдей данада жасалды, Бірыңғай дистрибьютор мен Фракционатор үшін бір-бір данадан беріледі. Осы Шарттың қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтіндері арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, осы Шарттың қазақ тіліндегі мәтініне артықшылық беріледі.
Тармақ 31
31. Халықаралық патенттелмеген атаулары бар Тауардың тізімін, техникалық сипаттамаларын (препараттар тізбесін, олардың көлемін, ерекшеліктерін), беру кезеңін және әрбір Тауарға шартты бағалық жеңілдігін қамтитын Шартқа 1-қосымша және осы Шартты іске асыру графигін қамтитын осы Шартқа 2-қосымша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 32
32. Тараптардың осы Шартта айқындалған халықаралық патенттелмеген Тауар атауларын өзгертуіне жол берілмейді.
Тармақ 33
33. Бірыңғай дистрибьютордың тіркеу куәлігіне сәйкес Тауардың техникалық сипаттамасы бөлігінде Шартқа өзгерістер енгізуіне жол беріледі.
Тармақ 34
34. Тараптардың әрбір қаржы жылына Тауарды беруге жыл сайын жасалатын осы Шартқа қосымша келісімдері оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары:
Фракционатор:
Бірыңғай дистрибьютор
БСН
Заңды мекенжайы:
Банктік деректемелер
Телефон, e-mail
__________________________
лауазымы
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөрі (ол болған жағдайда)
Күні
БСН
Заңды мекенжайы:
Банктік деректемелер
Телефон, e-mail
__________________________
лауазымы
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөрі (ол болған жағдайда)
Күні
Басқа 231. Тауардың атауы және техникалық сипаттамалары
Келісімшарттық фракциялау
шеңберінде плазмалық қан
препараттарын өндіру және берудің
______________№________
ұзақ мерзімді үлгілік шартына
1-қосымша
Тауардың атауы және техникалық сипаттамалары
Р/с №
Халықаралық патенттелмеген атауы
Тауардың сипаттамасы
Өлшем бірлігі
Беру кезеңі
Шартты бағалық жеңілдік
1
2
Фракционатор:
___________________
мөр орны
Бірыңғай дистрибьютор:
__________________
мөр орны