О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 9 декабря 2020 года № 384 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Байганинского районного маслихата» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 384 «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 384 «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7789 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде (әрі қарай – Әдістеме): орыс тіліндегі Әдістеменің 25, 26 тармақтарында «оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» сөздері алынып тасталсын; қазақ тіліндегі Әдістеменің 26 тармағында «10-нан» сөзі «оннан» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді; орыс тіліндегі Әдістеменің 31 тармағында «приказ» сөзі «распоряжение» сөзімен ауыстырылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; қазақ тіліндегі Әдістеменің 39 тармағында «осы Әдістеменің» сөздері «Үлгілік әдістеменің» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.