О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 9 декабря 2020 года № 384 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Байганинского районного маслихата» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 384 «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 384 «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7789 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде (әрі қарай – Әдістеме): Әдістеменің 24 тармағы төмендегідей жаңа редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 24
«24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін функционалдық міндеттеріне, кадр қызметінің жұмысын жүргізу кіретін мәслихат аппаратының бас маманы (бұдан әрі – бас маман) 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.»; Әдістеменің 29, 34, 35, 36, 40 тармақтарында «Құрылымдық бөлімше басшысы» сөздері «Бас маман» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.