О внесении изменений в решение маслихата от 9 сентября 2020 года № 386 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9459 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүруімен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;»;
7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;»;
14-тармақ 2) тармақшасы алынып тасталсын;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.