О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 9 декабря 2020 года № 414 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих те Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 414 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 414 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 201859 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) Тайынша қаласы, «Жеңіс» қалалық саябағы, Шоқан Уәлиханов көшесі. Шекті толу нормасы - 200 адам;»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында 1-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) Тайынша қаласы, жүру бағыты «Достық» орталық алаңынан Қазақстан Конституциясы, Мағжан Жұмабаев, Шоқан Уәлиханов көшелері бойынша «Жеңіс» қалалық саябағына дейін. Шекті толу нормасы - 200 адам. Жүру бағытының ұзындығы 4,3 километр.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.