О внесении изменения в решение Кокшетауского городского маслихата от 9 апреля 2020 года № С-42/7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Кокшетау» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7801 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтер өтемақысы «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.